Таразда «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

    1 / 6

    Тараз қаласындағы «Жастар аллеясында» «Дала дәмі» атты ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

    Жәрмеңкеге жергілікті тауар өндірушілер мен ауыл шаруашылығы саласының өкілдері қатысып, өз өнімдерін қала тұрғындарына нарықтағы бағадан 10–15 пайызға төмен бағамен ұсынды.

    Сауда сөрелерінен ет және сүт өнімдерін, көкөністер мен жеміс-жидектерді, ұн, жұмыртқа және күнделікті қажетті өзге де азық-түлік түрлерін сатып алуға мүмкіндік болды.

    Жәрмеңке барысында тұрғындар сапалы әрі қолжетімді азық-түлік өнімдерін тиімді бағамен сатып алып, жергілікті өнім өндірушілердің тауарларымен танысты.

    Мұндай шаралар отандық өнім өндірушілерді қолдауға, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға және қала тұрғындарын қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталған.

    Айта кетейік, «Дала дәмі» жәрмеңкесі алдағы уақытта да жалғасын табады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Тараз қаласының әкімдігі" жаңалықтары