Қарағандыда Астанадан келген азаматтың 2 миллион теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды

    Қарағандыда Астанадан келген азаматтың 2 миллион теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды. Қарағанды қаласындағы бизнес орталықтардың бірінде Астанадан келген 46 жастағы ер адамның 2 миллион теңгесі ұрланды. Жәбірленуші барсетканы бірнеше минутқа қараусыз қалдырған. Осы сәтті пайдаланған ұры оның ішіндегі ақшаны жымқырған. Ақшаның жоғалғаны ер адам қызмет ақысын төлеу кезінде белгілі болған. Жәбірленуші дереу полицияға хабарласқан. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Қарағанды қалалық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Ол 37 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Күдікті ұрлық жасағанын мойындаған. Алайда қолды болған ақшаны қайтару мүмкін болмаған. Ол 2 миллион теңгенің барлығын жеке қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, материалдар сотқа жолданды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының Полиция департаменті" жаңалықтары