СҚО ТЖД қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті

    1 / 11

    Қызметкерлерге кезекті арнайы атақтар беріліп, ведомстволық наградалар табысталды, сондай-ақ көп жылғы адал еңбегі атап өтілді.

    № 5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің мәжіліс залында азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін марапаттауға арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара барысында бірқатар қызметкерге кезекті арнайы атақтар беріліп, «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалі, азаматтық қорғау органдарының қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасы, сондай-ақ «Мінсіз қызметі үшін» I, II және III дәрежелі медальдары табысталды.

    Салтанатты рәсім аясында азаматтық қорғау жүйесінде ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, қызметін аяқтап, құрметті еңбек демалысына шығатын қызметкерлерге ерекше құрмет көрсетілді. Көп жылғы адал еңбегі, кәсібилігі мен қызметіне деген жауапкершілігі үшін оларға естелік сыйлықтар мен Департаменттің құттықтау хаттары табысталды. Іс-шарада Департамент басшылығы мен ардагерлер ұйымының облыстық филиалының төрағасы құттықтау сөз сөйледі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментi" жаңалықтары