1 / 2
2026 жылғы 10 қарашада Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті «М-Техсервис» ЖШС ұжымымен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасындағы өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесін (ЕШЕБЖ) қолдану, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ кәсіпорындардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Департамент өкілдерінен тиісті түсіндірмелер алды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








