Алматы облысының білім беру ұйымдарының басшыларына әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар өткізілді

    1 / 3

    Бүгін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарының басшыларына арналған әдістемелік семинар өткізілді.

    Zoom платформасы арқылы онлайн форматта өткен семинарға Алматы облысының білім беру ұйымдарының басшылары толық құрамда қатысты.

    Семинар барысында төмендегі бағыттар бойынша мәселелер қарастырылды:

    • Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: тиімді әдістер мен практикалық тапсырмалар, PISA үлгісіндегі тапсырмаларды әзірлеу түрлері мен әдістері;
    • Инклюзивті орта: дәстүрлі сабақ барысында арнайы бағдарламамен оқытылатын білім алушылармен жұмысты ұйымдастыру жолдары;
    • Білім беру ұйымдарындағы профилактикалық шаралар: алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру және нормативтік-құқықтық актілер.

    Кездесу барысында аталған бағыттар бойынша әдістемелік түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, білім беру ұйымдарының басшыларына практикалық ұсынымдар берілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Білім басқармасы" жаңалықтары