Жетісу облысында полиция қызметкерлері Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда.
Мәселен, Талдықорған қаласында ЖБО камералары алкогольдік масаң күйде болып, өтіп бара жатқан азаматтарға тиісіп, қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың тыныштығын бұзған 47 жастағы жергілікті тұрғынды тіркеді.
Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында ер адамның жеке басы анықталды. Ол медициналық айықтырғышқа жеткізіліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция ескертеді: қоғамдық орындар — ойына келгенді істеуге болатын жер емес. Алкогольдік масаң күйде болу айналадағыларға кедергі келтіріп, олардың тыныштығын бұзатын әрекеттерді ақтамайды. Әрбір азамат өзгелерді құрметтеп, белгіленген тәртіп талаптарын сақтауға міндетті.
Қоғамдық тәртіп әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады. Айналадағыларды құрметтеу — әркім ұстануға тиіс қарапайым әдеп нормасы.









