ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ АНАЛИТИКАСЫ: НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫС

    1 / 4

    2026 жылғы 05 қараша күні Нұра ауданының білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарларына арналған «Тәрбие жұмысының аналитикасы: іс-шараларды емес, тәрбиелік нәтижелерді қалай бағалауға болады?» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

    Семинардың негізгі мақсаты – тәрбие жұмысының тиімділігін бағалаудың заманауи тәсілдерін меңгерту, тәрбиелік іс-шараларды өткізумен ғана шектелмей, олардың оқушылардың тұлғалық дамуына, құндылықтық бағдарларына және мінез-құлқына тигізетін нақты әсерін талдауға бағыттау.

    Семинар барысында білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Д.С. Сейфуллина тәрбие жұмысын жоспарлау мен талдаудың ерекшеліктері, тәрбиелік нәтижелерді бағалау көрсеткіштері, мониторинг жүргізу, аналитикалық есептерді әзірлеу және алынған мәліметтер негізінде тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау мәселелерін жан-жақты талқылады. Инклюзиялық білім беру мен тәрбие жұмыстарының әдіскері К.Д. Жанкуатова білім беру ұйымдарында І-тоқсанда өткізілетін сыныптан тыс қызмет: «Еңбегі адал-жас өрен», «Қамқор», «Ұшқыр ой алаңы», «Smart bala», «Балалар кітапханасы», «Шабыт» жобаларын жүзеге асыру, сынып сағаттарын өткізу іс-шараларың қорытындылап, мониторинг көрсеткіштерін назарға салды.

    Қатысушылар тәрбие жұмысының нәтижелілігін анықтауға бағытталған әдіс-тәсілдермен танысты.

    Оқыту семинары тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарларының кәсіби құзыреттілігін арттыруға, тәрбие процесін жүйелі талдау мен бағалау дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.

    Басты ұстаным: тәрбие жұмысының нәтижесі өткізілген іс-шаралар санымен емес, оқушының бойында қалыптасқан құндылықтар мен оң өзгерістер арқылы бағалануы тиіс!

    #НұраАуданы

    #ТәрбиеЖұмысы

    #ОқытуСеминары

    #АдалАзамат

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Нұра ауданының білім бөлімі" жаңалықтары