Ауыл мектебінің оқушысы республикалық олимпиадада жүлделі орын иеленді!

    1 / 2

    М. Жұмабаев атындағы ЖББМГ-нің 11-сынып оқушысы Разакова Сания ауыл мектептерінің 9–11-сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың республикалық кезеңінде қазақ мектептеріне арналған орыс тілі пәні бойынша ІІІ орын иеленді.

    Бұл жетістік — білімге деген құштарлықтың, табанды еңбектің және үздіксіз ізденістің жемісі. Санияны жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз!

    Санияға білім нәрін беріп, бағыт-бағдар көрсеткен ұстазы Усабаева Бөпежан Нурлановна мен қолдау білдірген әпкесі Исмаилова Дильфуза Чинтазовнаға алғысымызды білдіреміз. 🌟

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Нұра ауданының білім бөлімі" жаңалықтары