2023 жылдан бері 40-тан астам спорт нысаны салынды. Олардың қатарында 19 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 8 спорт залы, 6 жабық хоккей корты, 3 стадион, ат спорты манежі, бассейн және басқа да нысандар бар. Бұл жұмыс жалғасады.
Қазіргі уақытта Тобыл қаласында облыстағы ең ірі, халықаралық стандарттарға сай Спорт сарайы, үстел теннисі орталығы, жабық хоккей корты және Арқалық қаласында екі дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда.
Сонымен қатар Қостанай қаласында Жекпе-жек сарайы мен инклюзивті спорт және даму орталығының құрылысы басталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









