"Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы" КММ·Жаңалықтар мұрағаты

Кездесу барысында Шымкент пен Венгрия арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Тараптар бірлескен жобаларды іске асыру, бизнес байланыстарды кеңейту және инвестициялық мүмкіндіктерді арттыру бағыттарына назар аударды.
Сонымен қатар, Шымкент пен Дебрецен қалалары арасында бауырластық байланыстар орнату, туризм, мәдениет және білім беру салаларындағы өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелері қарастырылды. Шымкент–Будапешт тікелей әуе рейсінің ашылуы екіжақты іскерлік және туристік байланыстарды нығайтуға қосымша мүмкіндік беретіні атап өтілді.







