
Венгрияның Дебрецен қаласының мэрі Ласло Папппен кездесу өтті. Кездесу барысында Шымкент пен Дебрецен арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, білім беру және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Тараптар екі қала арасындағы іскерлік байланыстарды нығайту, инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру, инновациялар мен қалалық инфрақұрылым салаларында тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін қарастырды. Сондай-ақ туризмді дамыту және екі елдің іскерлік топтары арасындағы өзара байланысты кеңейту мәселелеріне назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша екі қала арасында бауырластық қатынастар орнату туралы Меморандумға қол қойылды. Құжат Шымкент пен Дебрецен арасындағы ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға берік негіз қалайды.
Сонымен қатар Дебреценде Шымкент күндерін өткізу, Дебрецен университетінің Шымкентте филиалын ашу және білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту бастамалары талқыланды. Қол жеткізілген келісімдерді нақты жобалармен жалғастыруға уағдаластық.








