«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету

    Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру, жалпы орта білім беру, біліктіліктер бойынша техникалық және кәсіптік білім беру, сондай-ақ мамандықтар топтары бойынша әскери, арнайы оқу орындары, біліктіліктер бойынша орта білімнен кейінгі білім беру бойынша білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар болып табылады.

    Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб порталы арқылы жібереді.

    Лицензияны және/немесе оған қосымшаны беру – 30 жұмыс күнінен кешіктірмей; лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу – үш жұмыс күнінен кешіктірмей; заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару, бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу – 30 жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.

    2026 жылдың үшінші тоқсанында лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымша беру, қайта ресімдеуге берілген барлық өтініштердің саны -19. Оның ішінде: берілгені -14; бас тартылған – 5. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу болған жоқ.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары