
2026 жылғы 7 қазандаДепартаментте педагогикалық әдеп нормаларын сақтау және тәртіптік бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс семинар-кеңесі өтті. Жұмыс кездесуіне «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Алмагуль Айтказыевна Ракишева Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Қарағанды облыстық ұйымының құқықтық инспекторы Татьяна Петровна Миллер қатысты.
Негізгі талқыланған мәселелер:
• Тәртіптік істерді қараудың құқықтық механизмдері;
• Педагогтердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
• Педагогтердің біліктілігіне қойылатын талаптар;
• Кәсіподақ ұйымдарының рөлі және әдеп бұзушылықтың алдын алу.
Кездесу қорытындысы бойынша педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру және тараптар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту жөнінде бірлескен қадамдар белгіленді.





