Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті
Департамент туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құзыреті шегінде білім саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады, сондай-ақ Департаменттің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) стратегиялық функцияларын орындауға қатысады.
Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2026 жылдың 12 қазан күні Департамент басшысы Санат Кабиденович Мусин Білім беру ұйымдарының қызметіне және білім беру саласына қатысты мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды.
2026 жылдың 10 қыркүйек күні Департамент басшысы Санат Кабиденович Мусин Білім беру ұйымдарының қызметіне және білім беру саласына қатысты мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды.
2026 жылдың 11 тамыз күні Департамент басшысы Санат Кабиденович Мусин Білім беру ұйымдарының қызметіне және білім беру саласына қатысты мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды.
2026 жылғы 14 мамырда Қарағанды облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті «Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы» тақырыбында конференция өткізеді.
БҰЙРЫҚ «2027 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы»
Жарияланды:
Ақпарат
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметін көрсету
Қарағанды облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 2026 жылдың IІІ тоқсанында апостиль қоюға – 326 өтініш қарастырылды, оның ішінде 38 өтініш бойынша бас тартылды. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде бас тартудың негізгі себептері: төлемнің болмауы, жоғары оқу орнының құжаттарын ұсыну. 288 өтініш қанағаттандырылды, оның ішінде техникалық және кәсіптік білім туралы диплом-50, жалпы орта білім туралы аттестаттар-176, негізгі орта білім туралы аттестаттар-38, табель-11, басқа құжаттар-13. Шет елдерге бару бойынша жеке тұлғалардың білімі туралы құжаттарына апостиль қойылды: Түркия- 61(21,2%),Италия- 53(18,4%), Чехия-45(15,6%), Польша – 21(7,3%), Испания- 19(6,6%), Германия – 17(5,9%), Корея – 16(5,6%), Словакия – 10(3,5%), Қытай-9(3,1%), Болгария-6(2,1%), Греция-5(1,7%),Австрия – 4(1,4%), АҚШ-4(1,4%), басқа елдер-18(6,3%).
Жарияланды:
Ақпарат
ЕСЕП Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2026 жылғы III тоқсандағы қызметі туралы
Жарияланды:
Ақпарат
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету
Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру, жалпы орта білім беру, біліктіліктер бойынша техникалық және кәсіптік білім беру, сондай-ақ мамандықтар топтары бойынша әскери, арнайы оқу орындары, біліктіліктер бойынша орта білімнен кейінгі білім беру бойынша білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар болып табылады. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб порталы арқылы жібереді. Лицензияны және/немесе оған қосымшаны беру – 30 жұмыс күнінен кешіктірмей; лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу – үш жұмыс күнінен кешіктірмей; заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару, бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу – 30 жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі. 2026 жылдың үшінші тоқсанында лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымша беру, қайта ресімдеуге берілген барлық өтініштердің саны -19. Оның ішінде: берілгені -14; бас тартылған – 5. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу болған жоқ.