Құрметті ұстаздар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұстаз – жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, ел болашағының қалыптасуына елеулі үлес қосатын ардақты маман. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз, кәсіби біліктіліктеріңіз бен шәкірт тәрбиесіне деген жауапкершіліктеріңіз зор құрметке лайық.
Осы айтулы күні сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұстаздық жолдарыңыз абыройға толып, шәкірттеріңіздің жетістіктері сіздерге әрдайым қуаныш пен мақтаныш сыйласын.
Білім мен тәрбие жолындағы қажырлы еңбектеріңіз жемісті болып, кәсіби жетістіктеріңіз арта берсін. Қоғамның құрметіне бөленіп, шәкірттеріңізге сапалы білім мен өнегелі тәрбие берудегі игі істеріңіз жалғаса берсін.
Мерекелеріңіз құтты болсын!



