Алматы облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы·Жаңалықтар мұрағаты

Талғар ауданы, Кеңдала ауылдық округінің әкімшілік ғимаратында қандас мәртебесін алу және қабылдау өңіріне қоныстану мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында азаматтарға қандас мәртебесін алу тәртібі, қоныстану өңірін таңдау, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, қабылдау өңіріне қоныстануға ниет білдірушілердің сұрақтарына жауаптар ұсынылды.









