
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі берген тапсырмаға сәйкес, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ға жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында Қуандық Жұмабекұлы «ҚазҚСҒЗИ» АҚ басшылығымен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында Қоғамның қазіргі қызметі, негізгі жұмыс бағыттары, сондай-ақ өзекті мәселелер мен одан әрі даму перспективалары қаралды.
Сонымен қатар, Қуандық Жұмабекұлы «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның өндірістік базасына барып, оның мүмкіндіктерімен танысты.
Кездесу қорытындысы бойынша вице-министр бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде Қоғамдық одан әрі дамытуға, атап айтқанда, құрылыс саласын цифрландыруға және заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ e-Qurylys ақпараттық жүйесін одан әрі дамыту, құрылыс саласындағы процестерді автоматтандыру және құрылыс жобаларын іске асырудың барлық кезеңдерінде цифрлық технологияларды қолдану аясын кеңейту мәселелері атап өтілді.
Сонымен қатар, құрылыс саласындағы процестердің ашықтығын, тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған цифрлық құралдарды жетілдірудің маңыздылығы атап өтілді.









