Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

    Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сферах индустрии и индустриально-инновационного развития, научно-технического развития страны, горно-металлургического комплекса, развития местного содержания, машиностроения, угольной, химической, фармацевтической и медицинской промышленности, легкой, деревообрабатывающей и мебельной промышленности, строительной индустрии и производства строительных материалов

    Министрлік туралы

    Министрлік өнеркәсіп; елішілік құндылықты дамыту; тау-кен металлургия кешені; машина жасау; көмір, химия, жеңіл (ауыл шаруашылығы жануарларының терісі мен жүнін өңдеуден басқа), ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі; құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру; машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі; салалық бағытқа сәйкес химиялық өнімнің қауіпсіздігі; өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; бағалы металдар өндірісі және бағалы металдар мен асыл тастардың айналымы; құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары; зергерлік және басқа да бұйымдар; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы; уран өндіруді қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бөлігінде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару; жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу, минералдық-шикізат базасын молайту; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі; тұрғын үй қатынастары; коммуналдық шаруашылық; елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру; жылу және электр энергиясын тұтыну бөлігінде жылу энергетикасы және электр энергетикасы; тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу; қорғаныс өнеркәсібі салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Халықаралық пластмасса және химия өнеркәсібі Plastex Qazaqstan 2026 көрмесі

    Сіздерді 2026 жылы 21–22 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» ҚІЫО-да өтетін Қазақстандық халықаралық пластмасса және химия өнеркәсібі Plastex Qazaqstan 2026 көрмесіне шақырамыз. Көрме Қазақстанның химия және полимер өнеркәсібі үшін стратегиялық алаң ретінде өзін дәлелдеген. Ол халықаралық және отандық компанияларды біріктіріп, заманауи технологияларды көрсетеді, серіктестік қатынастар мен тәжірибе алмасуға ықпал етеді және саланы одан әрі дамытуға негіз қалайды. Көрме конференциясы шараның маңызды бөлігі болып табылады және полимерлік және химиялық саладағы өзекті мәселелерге бағытталған. Конференция бағдарламасына мыналар кіреді: • Пластмасса нарығының тенденциялары, импортты алмастыру және мемлекеттік рөл туралы пленарлық сессия • Полимерлік өнеркәсіптің дамуы бойынша болжамдармен форсайт-блок • Негізгі стендтер мен технологияларға VIP-тур • Тематикалық сессиялар: автомобиль және құрылыс саласындағы химия • ESG күні: семинарлар, пластиктердің өмірлік циклін бағалау және қайта өңдеу тәжірибесін бөлісу Көрмеде арнайы бөлімдер ұсынылады: • B2B Zone — іскерлік кездесулер мен серіктестіктер • ECO Zone — қайта өңдеу және тұрақты өндіріс технологиялары • Robo Zone — роботизация және 3D баспа Алтын серіктес – Haitian Стратегиялық серіктес – KPI («Kazakhstan Petrochemical Industries») Іс-шара Қ азақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің , сондай-ақ сауда өкілдіктері мен дипломатиялық миссиялардың ресми қолдауымен өтеді. Ұйымдастырушылар: Қазақстандық ITECA көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы. Көрмеге кіру алдын ала тіркелу арқылы тегін: https://plastex.kz/kz/kormege-bilet-alu?promo=PLX2026MPS Өткізілетін орны: Қазақстан, Алматы қаласы, «Атакент» ҚІЫО Күндері: 21-22 қазан 2026 жыл Ұйымдастырушылармен байланысу: Тел.: +7 771 258 34 34, +7 727 258 34 34 E-mail: [email protected]

    21 қазан 2026 ж. – 22 қазан 2026 ж.Тікелей
    Казахстан, г. Алматы, КЦДС «Атакент»
    ОтырысАяқталды

    АНОНС

    2026 жылы 21 қазанда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Рахымжан Исакулов Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер талқыланады. Кездесу сағат 11:00-де Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 52А үй, «Aqtobe IT Hub», 3 қабат. Тұрғындар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз. Қосымша ақпарат алу үшін байланыс нөмірі: +7 (7132) 74-75-854 Арман.

    21 қазан 2026 ж.Тікелей
    г.Актобе , пр.Абулхаир хана 52А, «Aqtobe IT Hub», 3 этаж.
    ОтырысАяқталды

    АНОНС!

    ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов 2026 жылғы 1 қазан күні Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді. Кездесуде Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жетекшілік ететін салаларға қатысты мәселелер талқыланады. Кездесу сағат 10:00-де Орал қаласы, Назарбаев көшесі - 205 мекенжайында (үлкен залында) өтеді. Тұрғындар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз. Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады: +7 705 591 11 99 - Әліби Жангерей.

    1 қазан 2026 ж.Тікелей
    г.Уральск, ул.Назарбаева 205, большой зал
    ОтырысАяқталды

    АНОНС!

    2026 жылғы 23 қыркүйек күні ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Дархан Мырзабаев Қостанай облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жетекшілік ететін мәселелер талқыланады. Кездесу сағат 10:00-де Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 85 мекенжайында орналасқан бұрынғы облыстық филармония ғимаратында (4-қабат) өтеді. Қала тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз. Қосымша ақпаратты +7 702 388 00 95 (Зарина) телефон нөмірі арқылы алуға болады.

    18 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    город Костанай, ул. Тәуелсіздік, 85 (4 этаж).
    ОтырысАяқталды

    Халықаралық Жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, ауаны баптау мен желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтар – Aquatherm Almaty 2026 көрмесі

    Сізді 2026 жылы 2–4 қыркүйек аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» ҚІЫО-да өтетін 18-ші Халықаралық Жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, ауаны баптау мен желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтар – Aquatherm Almaty 2026 көрмесіне шақырамыз. Көрме өз беделін коммуникациялық платформа ретінде көрсетті және отандық әрі халықаралық компанияларды біріктіретін Қазақстандағы Жылыту, желдету, ауаны баптау және сумен жабдықтау, сантехника саласы үшін негізгі алаң болып табылады. 2008 жылдан бастап Aquatherm Almaty заманауи технологиялар мен шешімдерді таныстырады, тәжірибе алмасуға, іскерлік байланыстар орнатуға ықпал етеді және саланың дамуына тікелей әсер етеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша көрмеге қатысқан: 16 елден 225 компания , оның ішінде Беларусь, Болгария, Венгрия, Германия, Италия, Қазақстан, Қытай, БАӘ, Польша, Ресей, Сингапур, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Чехия және Оңтүстік Корея. 56 отандық және 169 халықаралық компания , оның ішінде Германия мен Түркия ұлттық стендтері, сондай-ақ Қытай мен Өзбекстан ұжымдық экспозициялары ұсынылды. Көрменің іскерлік бағдарламасы мыналарды қамтиды: Сала сарапшылары мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өтетін пленарлық отырыс — инженерлік жүйелер нарығының даму үрдістерін талқылау. Қатысушы компаниялардың заманауи шешімдерге, энергия тиімділігіне және инновациялық технологияларға арналған стратегиялық сессиялары мен семинарлары. Инженерлік жүйелер мен энергия тиімді шешімдер бойынша дөңгелек үстелдер, шеберлік сабақтары және интерактивті сессиялар . «Технарь PRO Kazakhstan» монтажшылар чемпионаты — саладағы үздік мамандарды анықтауға арналған кәсіби шеберлік байқауы. Іс-шара Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, сондай-ақ сауда өкілдіктері мен дипломатиялық миссиялардың ресми қолдауымен өтеді. Ұйымдастырушылар: Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы. Алдын ала тіркелу арқылы көрмеге кіру тегін: https://aquatherm-almaty.kz/kz/kormege-bilet-alu?promo=ATA2026MPS Өтетін орны: Қазақстан, Алматы қ., «Атакент» ҚІЫО Күні: 2–4 қыркүйек 2026 ж. Ұйымдастырушылармен байланысу: Тел.: +7 771 258 34 34, +7 727 258 34 34 E-mail: [email protected]

    2 қыркүйек 2026 ж. – 4 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Казахстан, г. Алматы, КЦДС «Атакент»
    ОтырысАяқталды

    KAZBUILD 2026: ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСТЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫ ӘЛЕМНІҢ ТҮКПІР-ТҮКПІРІНЕН САЛА КӨШБАСШЫЛАРЫН ЖИНАЙДЫ

    Сіздерді 2026 жылғы 2-4 қыркүйек аралығында Алматы қаласында, «Атакент» ҚІЫО аумағында өтетін 32-ші Қазақстандық халықаралық Құрылыс және интерьер KazBuild 2026 көрмесіне шақырамыз. Үш онжылдықтан астам уақыт бойы бұл іс-шара құрылыс қауымдастығы үшін беделді коммуникациялық алаң, озық технологияларды, инновациялық материалдарды және саланың үздік тәжірибелерін таныстыру платформасы ретінде қызмет етіп келеді. Ол өнімді ішкі және халықаралық нарықтарға тиімді ілгерілету құралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрылыс кешенін дамытудағы маңызды фактор ретінде өзін дәлелдеді. KazBuild туралы фактілер: 1994 жылдан бері Қазақстандағы ең ірі құрылыс және интерьер көрмесі Жыл сайын Қазақстанның басты бизнес-қаласы – Алматыда өтеді Көрме бөлімдері: құрылыс материалдары, жабдықтар мен құралдар, керамика және тас, терезе технологиясы, интерьер, әрлеу материалдары Іскерлік бағдарлама аясында 60-тан астам іс-шаралар: семинарлар, мастер-кластар, дөңгелек үстелдер, B2B және B2G кездесулер, делегаттық бағдарламалар және т. б. KazBuild 2026 Орталық Азиядағы жетекші салалық іс-шара мәртебесін тағы да растап, құрылыс нарығын дамытудың стратегиялық құралы әрі Қазақстанның халықаралық кәсіби қауымдастыққа ықпалдасуының маңызды алаңы болмақ. Іс-шара ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, сондай-ақ сауда өкілдіктері мен дипломатиялық миссиялардың ресми қолдауымен өтеді. Іс-шараның ұйымдастырушысы — Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы. Келушілер үшін кіру алдын ала тіркелу арқылы тегін: https://kazbuild.kz/kz/kormege-bilet-alu?promo=KBA2026MPS Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Атакент» ҚІЫО Өтетін күндері: 2–4 қыркүйек 2026 жыл Ұйымдастырушылардың байланыс деректері: Тел.: +7 771 258 34 34, +7 727 258 34 34 E-mail: [email protected]

    2 қыркүйек 2026 ж. – 4 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Казахстан, г. Алматы, КЦДС «Атакент»

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Пәтер иелері кооперативтері ше?

    Жауап

    - 2020 жылдан бастап пәтер иелері кооперативтері басқару нысаны ретінде алынып тасталды. - 2023 жылға дейін өтпелі кезең болды. - Енді пәтер иелері кооперативтері келесі шарттарды сақтай отырып, басқару субъектісі бола алады: - Меншік иелерінің қауымдастығының келісімі - Әр үйге жеке есепшот 2025 жылғы 15 шiлдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойылды.

    Сұрақ

    Басқа елдердегі соғыс қимылдарына қатысқан ардагерлердің баспанаға құқығы бар ма?

    Жауап

    Иә, олар бар. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде (мысалы, Ауғанстанда, Иракта, тәжік-ауған шекарасында) әскери қимылдардың ардагерлері: - Тұрғын үй кезегіне қосылу - 2025 жылдың 24 мамырынан бастап — тұрғын үйді басымдықпен алу (70% квота шегінде) мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ, қызмет кезінде алған мүгедектігіңіз болса, сіз тегін баспана ала аласыз. Сұрақтарыңыз болса, жергілікті әкімдіктерге немесе тұрғын үй басқармасына хабарласыңыз.

    Сұрақ

    Жалға берілетін тұрғын үйді сатып алу құқығынсыз жекешелендіруге бола ма?

    Жауап

    Иә. 2024 жылдың 4 желтоқсанынан бастап келесі нормалар күшіне енді: - Жалға берілетін тұрғын үйді қалдық құны бойынша жекешелендіру. - Бөліп төлеу жоспарына өтініш беру: — Алғашқы жарна 10% — Қалған сомаға мерзім 15 жылға дейін — Пәтер 15 млн теңгеден арзан болса – бөліп төлеу мерзімі 10 жыл

    Сұрақ

    Тұрғын үйді кім тегін жекешелендіре алады?

    Жауап

    Азаматтардың 11 санаты тұрғын үйге тегін иелік ете алады, оның ішінде: - ҰОС ардагерлері - 1 және 2 топтағы мүгедектер - Саяси қуғын-сүргін құрбандары - Чернобыль апатын жоюға қатысушылар - ядролық және экологиялық апаттардың құрбандары - Мүмкіндігі шектеулі әскери қызметкерлер - 20 жыл еңбек өтілі бар МҚҰ, Ішкі істер министрлігі қызметкерлері - Құқық қорғау органдарының қайтыс болған қызметкерлерінің отбасылары - Ғарышкерлер мен ғарышкерлікке үміткерлер

    Сұрақ

    Басымдық тұрғын үйге кімнің құқығы бар?

    Жауап

    2025 жылғы 24 мамырдан бастап келесі санаттарға жататын азаматтар мемлекеттік қордан тұрғын үйді бірінші кезекте алу құқығына ие болады: - ҰОС ардагерлері - Жетімдер - Көп балалы аналар мен отбасылар - 1 және 2 топтағы мүгедектер - мүгедек балалары бар отбасылар - Ұлы Отан соғысына теңестірілген ардагерлер - басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері - Жесірлер Тұрғын үйдің кем дегенде 70%-ы осы санаттарға бөлінеді. Жетім және қамқорсыз қалғандарға 20%-ы беріледі.

    Сұрақ

    ЕАЭО мемлекеттерінде мемлекеттік сатып алуларға қалай қатысуға болады?

    Жауап

    ЕАЭО-ның басқа елдеріндегі сатып алуларға қатысу үшін сізге: Қазақстандық сараптама ұйымдарынан өнімге сараптамалық қорытынды алу. Өтінім беру үшін Қазақстан Республикасы ӨНЕРКӘСІП және құрылыс министрлігіне хабарласыңыз. ЕЭК тексергеннен кейін өнім өнеркәсіптік тауарлардың Еуразиялық тізіліміне енгізіледі. Сатып алуға қатысу кезінде сіз веб-сайтта орналасқан тізілімнен үзінді көшірме беруіңіз керек: https://goszakupki.eaeunion.org/erpt/ru/registers/products/list

    Хаттама

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрінің Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесу қорытындысы бойынша 2026 жылғы 21 қазандағы ХАТТАМА

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрінің Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесу қорытындысы бойынша 2026 жылғы 21 қазандағы ХАТТАМА

    Жарияланды:
    НҚА жобасы

    Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 333 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 217 «Жер қойнауын пайдаланушы алдыңғы жылы өндіруге арналған шығыстарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

    Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 333 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 22 мамырдағы № 217 «Жер қойнауын пайдаланушы алдыңғы жылы өндіруге арналған шығыстарының бір пайызы мөлшерінде қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

    Жарияланды:
    НҚА жобасы

    «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде қазақстандық тауар өндірушілерден тауарлар сатып алу және офтейк-келісімшарттар жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 4 қыркүйектегі № 344 бұйрығына өзгерісті енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрық жобасы.

    «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде қазақстандық тауар өндірушілерден тауарлар сатып алу және офтейк-келісімшарттар жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 4 қыркүйектегі № 344 бұйрығына өзгерісті енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрық жобасы.

    Жарияланды:
    НҚА жобасы

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің «Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлікпен басқару шартының үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 348 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығының жобасы.

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің «Уәкілетті компанияның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сенімгерлікпен басқару шартының үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 348 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығының жобасы.

    Жарияланды:
    НҚА жобасы

    «Қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1199 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы (бұдан әрі – ҚР ҮҚ жобасы).

    «Қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1199 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы (бұдан әрі – ҚР ҮҚ жобасы).

    Жарияланды:
    Бұйрық

    «Ұлттық режимнен алып тастауға жататын машина жасау саласы тауарларының және химия, металлургия, құрылыс және жиһаз өнеркәсіптері тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 28 мамырдағы № 262 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы 2026 жылғы 07 қазандағы № 500 Бұйрық

    «Ұлттық режимнен алып тастауға жататын машина жасау саласы тауарларының және химия, металлургия, құрылыс және жиһаз өнеркәсіптері тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 28 мамырдағы № 262 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы 2026 жылғы 07 қазандағы № 500 Бұйрық

    Жарияланды: