Құрылым — Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылымы: ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдар.

    Өнеркәсіп комитеті

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті

    «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс даму министрлігінің, өз құзыреті шегінде индустрия және индустриялық-инновациялық қызметтің: тау-кен металлургия, зергерлік және басқа бұйымдар, бағалы металдардан жасалған монеталар көмір, машина жасау, химия, фармацевтика, жеңіл, ағаш өңдеу, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс материалдарының өндірісі;экспорттық бақылау; жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру;реттелетін салаларда тауарларды таңбалау және қадағалау саласында жалпы үйлестіруді жүзеге асыру.

    comprom
    Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті

    "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық саласындағы бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ведомствосы болып табылады.

    kds
    Геология комитеті

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті

    «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу, минералдық-шикізат базасын өндіру салаларындағы Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ведомствосы болып табылады.

    geology