Алматыда Қазақстан гимнастика федерациясының орталығын салу жобасын «Мемсараптама» мақұлдады

    1 / 3

    Алматы қаласының Алатау ауданында Қазақстан гимнастика федерациясының орталығын салу жобасы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысына ие болды.

    Мамандандырылған спорт кешенін қаланың №13 шағын ауданындағы 3/1 учаскеде салу жоспарланған. Тапсырыс берушісі – Алматы қаласының Құрылыс басқармасы, бас жобалаушы – «Қазақ энергетика және байланыс ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС.

    Жобаға сәйкес орталықта спорттық және көркем гимнастика, батуттық гимнастика және спорттық аэробика, спорттық акробатикамен айналысуға арналған залдар, сондай-ақ жарыс өткізуге арналған әмбебап зал қарастырылған. Бұдан басқа хореография және балалар гимнастикасына арналған залдар, медициналық-оңалту орталығы, әкімшілік үй-жайлар мен жатақхана салу көзделген.

    Жоба құжаттамасына сәйкес, кешен негізгі, жас және жасөспірім санатындағы 670-тен астам спортшыны даярлауға арналған.

    Жобаны жүзеге асыру әртүрлі жас санатындағы гимнастардың кәсіби даярлығын жетілдіруге, спорттық жарыстар өткізуге және Алматы қаласында гимнастика саласын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі" жаңалықтары