Ақтөбеде шыны ыдыс шығаратын зауыт салу бойынша инвестициялық келісімге қол қойылды

    ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Шымкент қаласында өткен жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстелге (KGIR 2026) қатысты.

    KGIR 2026 аясында ҚР Премьер-министрінің қатысуымен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «Aktobe Steklo» ЖШС арасында Ақтөбе қаласында шыны ыдыс өндіретін зауыт салу және іске қосу жөніндегі Инвестициялар туралы келісімге қол қойылды.

    Жобаның инвестициялық көлемі $150 млн-нан асады, ал оның өндірістік қуаты жылына шамамен 256 млн дана шыны ыдыс шығаруға жетеді. Кәсіпорын заманауи сұрыптау жүйелерімен және екінші рет өңделген шикізатты қайта өңдеу технологияларымен жабдықталады. Өнім ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етіп, көршілес елдерге де экспортталады.

    Келісімде зауыт құрылысын жүргізу кезеңінде кемінде 500 жұмыс орнын, ал кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін шамамен 300 жұмыс орнын құру көзделген. Бұдан бөлек, кәсіпорында шыны өнеркәсібінің халықаралық стандарттарына сәйкес қазақстандық кадрларды үздіксіз даярлау жүйесі қалыптастырылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі" жаңалықтары