Ерсайын Нағаспаев азаматтарды қабылдады

    ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Министрге Астана қаласы мен Қостанай облысының тұрғындары дәстүрлі және онлайн форматтарда жүгінді.

    Қабылдау барысында әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау, қазақстандық өндірушілерді КТП тізіліміне енгізу тәртібіне қатысты мәселелер көтерілді. Сондай-ақ тұрғындардан әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жалға берілетін тұрғын үйді ұсыну қағидалары мен кезек тізімін қалыптастыруға қатысты өтініштер түсті.

    Министр азаматтарды толғандырған барлық мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес толық түсініктемелер берді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі" жаңалықтары