«Мақаншы ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ-нің салтанатты ашылу рәсімі өтті!

    1 / 5

    2026 жылдың 22 қазанында, Білім басқармасына қарасты «Мақаншы ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ-нің салтанатты ашылу рәсімі өтті! ​

    Игі бастаманың негізі қыркүйек айында қаланып, кабинет бүгінде өз жұмысын қарқынды түрде жүргізіп келеді. Қазіргі таңда орталықта 22 бүлдіршін сапалы әрі жүйелі коррекциялық-түзеу көмегін алуда. ​

    Балаларымыздың жарқын болашағы мен дамуы үшін өз ісінің нағыз шеберлері бірікті! Меңгерушінің міндетін атқарушы Сайболатова Ұлпан Қуанышовнаның басшылығымен 9 білікті маман мен 1 қызметкер еңбек етуде.

    Олардың қатарында:

    Әдіскер мен әлеуметтік педагог;

    Педагог-психолог мен дефектолог;

    Тәжірибелі логопед;

    Бейінді дене шынықтыру және массаж мамандары;

    Тәрбиешілер мен музыкалық жетекші бар. ​

    Салтанатты сәттерден үзінді: Мерекелік шараның шымылдығын Мақаншы ауданының әкімі Дәурен Бақытжанұлы жүрекжарды ізгі тілегімен ашып, түзеу кабинетінің кішкентай тәрбиеленушілеріне арнайы мерекелік сыйлықтар тапсырды!

    ​Сондай-ақ, шараның құрметті қонақтары: — Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Мирлан Салиұлы, — Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ерғали Ахметұлы, — Ардагерлер кеңесінің төрағасы Советхан Тоғанбайұлы, — Мақаншы ауданы білім бөлімінің басшысы Гүлзипа Мақашевна да ақ тілектерін арнап, ата-аналар мен білім алушыларға жылы лебіздерін білдірді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының білім басқармасы" жаңалықтары