Астанада қысқы кезеңге дайындық жұмыстары тексерілді

    1 / 4

    Астана қаласының Сарыарқа ауданында қала әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаевтың басшылығымен қысқы кезеңге дайындық аясында арнайы техникалардың саптық байқауы өткізілді.

    Іс-шараға Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қатысып, дайындық барысына бақылау жүргізді.

    Қысқы кезеңде аудан аумағын қардан тазарту және қар шығару жұмыстарына 609 бірлік арнайы техника мен 820 адамнан тұратын жеке құрам жұмылдырылады.

    Аталған жұмыстар қыс мезгілінде көшелерді уақтылы қардан тазартуға, көлік қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге және қолайсыз ауа райы жағдайларынан туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары