21.10.2026 жылы Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Оңтүстік» Арнайы экономикалық аймақ» кеден бекетінің қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі ережелерін сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында кездесу өтті.

    Кездесуде Шымкент қаласы бойынша МКД Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Өзбеков мемлекеттік қызметшілерге қойылған талаптар мен қызметтік этика ережелерін түсіндіріп, қатысушыларды жұмыста және жұмыстан тыс уақытта қоғам тарапынан сын ескертпелерге жол бермеуге және әдеп ережелерін қатаң сақтауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға және сақтауға шақырды.

    Отырыс барысында Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Өзбеков мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлықпен күресу жағдайын атап өтті.

    Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың салдары мен жауапкершілігі туралы түсіндірме жасады.

    Отырыс барысында, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және профилактикасы бойынша өзге де мәселелер талқыланды.

    Кездесу соңында салық органдарының қызметкерлеріне әдеп кодексі ережелерін сақтау және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша бірқатар тапсырмалар мен нұсқаулар беріліп ескертулер жасалды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары