Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

    О департаменте

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі – Департамент) кеден ісі саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау, салықтардың, кеден және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн, әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстаудың, аударудың толықтығымен уақыттылығын қамтамасыз ету.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ашу

    ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау

    Ашу

    21.10.2026 жылы Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Оңтүстік» Арнайы экономикалық аймақ» кеден бекетінің қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі ережелерін сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында кездесу өтті.

    Ашу

    Қандай жағдайларда жеке тұлға жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын сату кезінде құн өсімінен кіріс алады

    Ашу

    Жеке тұлғаның салықтық берешегін өндіріп алу

    Ашу

    ЕАЭО елдеріне экспорттау кезінде ҚКС туралы не білу қажет?

    Ашу

    Бизнес өкілдері мен мемлекеттік кірістер органдарының кездесуінде «КЕДЕН» жүйесіндегі жұмыс, тауарларды шығару мерзімдері, кедендік құнды айқындау және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.

    ОтырысАяқталды

    Қазақстанда «Тах Free» пилоттық жобасы іске асырылуда

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығы сомасының өтемақысы бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы («такс фри» пилоттық жобасы)» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 4 маусымдағы № 363 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасында шетелдік туристерге (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарын қоспағанда) сатып алынған тауарларды ЕАЭО аумағынан тыс жерге әкету кезде ҚҚС-тің өтемақы сомасын қайтарып алуға мүмкіндік беретін «Tax Free» пилоттық жобасының іске асырылып жатқанын хабарлайды. «Тах Free» — Қазақстаннан шығар кезде шетелдік туристерге тауар сатып алғаны үшін ҚҚС бөлігінің өтемақысы. Пилоттықжоба Алматы, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Балқаш, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен (Қатон- Қарағай) жене Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақмола облысының Бурабай кентінде орналасқан стационарлық сауда объектілерінде жүзеге асырылады. ҚҚС өтемақысы «Tax Free» жүйесінің операторы арқылы жүзеге асырылады және шетелдік туристерге жалпы сомасы кемінде 10 АЕК (2026 жылы - 43 250 теңге) болатын азық-түлікке жатпайтын тауарларды сатып алған кезде ұсынылады. «Тах Free» құжатын сатушы ҚҚС сомасы көрсетілген кассалық чек негізінде қағаз немесе электронды түрде ресімдейді. Пилоттық жобаға қатысу үшін https://taxfree.kz/ және/немесе Globalblue.com сілтемесіне кіру арқылы Tax Free Kazakhstan операторларымен шарт жасасу қажет. Tax-Free жүйесіне қосылу жене оны бизнес үшін пайдаланутегін. Жоғарыда аталған елді мекендерде орналасқан, ҚҚС телеушілері болып табылатын және стационарлық сауда объектілерінде азық-түлік емес тауарларды бөлшек саудада жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлерді қатысуға шақырады. «Тах Free» жүйесіне қосылу бизнес үшін қосымша артықшылықтар туғызып, мүмкіндік береді: * шетелдіктуристерді тауар сатып алуға тарту; * сату көлемі мен орташа орташа чек құнын арттыру; * сауда нүктесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру; * сатып алушыларды (шетелдік туристерді) «Tax Free» жүйесінің операторы арқылы ҚҚС-ты халықаралық деңгейде қайтару қызметімен қамтамасыз ету.

    14 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ШЫМКЕНТ, КЕЗДЕСЕМІЗ! 🔥

    ШЫМКЕНТ, КЕЗДЕСЕМІЗ! 🔥 24 маусымда Шымкентте "халық бухгалтері 2026: бизнес және ашық диалогтағы МКК" өңірлік туры аясында бухгалтерлер, кәсіпкерлер және компания басшылары үшін үлкен тегін кездесу өтеді. Бұл мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдерімен және бухгалтерлік есеп және салық салу саласындағы жетекші сарапшылармен жеке кездесуге, өзекті сұрақтарға жауап алуға және 2026 жылы бизнестің жұмысына әсер ететін өзгерістерді түсінуге мүмкіндік. Кездесуде талқылаймыз: ✔ салық заңнамасының негізгі өзгерістері; ✔ бизнес пен бухгалтерлерге арналған МКК жаңа сервистері; ✔ салық есептілігін автоматтандыру; ✔ 200, 300 және 910 ТНК-мен жұмыс істеу практикасы; ✔ салықтық әкімшілендірудің өзекті мәселелері; ✔ тәжірибеден нақты кейстер мен проблемалық жағдайлар. 🎤 Іс-шара спикерлері: * Алексей Попченко-Директор MyBuh.kz * Балжан Жанғасинова-I санаттағы салық кеңесшісі, ҚР Кәсіби бухгалтері * Мәдина Әмірбекова-салық кеңесшісі, ҚР Кәсіби бухгалтері. МКК өкілдерінің қатысуымен @press_kyzmet_kgd @shymkent.salyq.kz Сізді тек баяндамалар сериясы ғана емес, өз сұрақтарыңызды МКК сарапшылары мен өкілдеріне тікелей қою мүмкіндігімен ашық диалог күтіп тұр. 📅 24 маусым 2026 жыл 🕤 Уақыты: 09: 30-12: 00 Әли Шымкент, Арғынбеков көшесі, 89А Қаратау ауданы бойынша МКБ акт залы ✅ Қатысу тегін ⚠️ Тіркелу міндетті. Орындар саны шектеулі. Профиль тақырыбындағы сілтемеге өтіп, орынды алдын ала брондаңыз.

    12 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімдері

    📆 Салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімдері: 📌 10 сәуірден кешіктірмей: • 493.00 нысаны – үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер. Оны сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқыс шығару), лифтілерге қызмет көрсету және (немесе) тасымалдау саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдар 2026 жылдың 1-тоқсаны үшін. 📌 15 сәуірден кешіктірмей: • 400.00 нысаны – 2026 жылғы ақпан айына арналған акциз бойынша декларация. 📌 20 сәуірден кешіктірмей: • 101.02 нысаны – 2026 жылдың 2–4 тоқсандарына арналған КТС бойынша аванстық төлемдер есебі; • 328.00 нысаны – наурыз айына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш; • 851.00 нысаны – жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ағымдағы төлемдер есебі; • 870.00 нысаны – қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлем бойынша декларация. 📆 Салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу мерзімдері: 📌 6 сәуірден кешіктірмей: • Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың 2026 жылғы наурыз айы үшін ЖТС. 📌 10 сәуірден кешіктірмей: • КТС – 2025 жылға арналған декларация бойынша түпкілікті есеп айырысу; • ЖТС – төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша түпкілікті есеп; • Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары (оның ішінде үстеме пайда салығы, баламалы салық және т.б.); • Жер салығы, мүлік салығы – 2025 жыл үшін түпкілікті есеп; • Көлік құралдары салығы – 2025 жылға арналған декларация және 2025 жылғы 1 шілдеден кейін туындаған міндеттемелер бойынша. 📌 15 сәуірден кешіктірмей: • Платформалар арқылы жұмыс істейтін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін 2026 жылғы наурыз айына ЖТС. 📌 20 сәуірден кешіктірмей: • ЕАЭО-дағы ҚҚС – 2026 жылғы наурыз үшін; • Акциздер, оның ішінде ЕАЭО елдерінен импорт; • Қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлем. 📌 27 сәуірден кешіктірмей: • КТС – сәуір айына аванстық төлемдер; • Төлем көзінен ұсталған КТС және ЖТС – наурыз үшін; • Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдер; • Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін сәуір айына төлем; • Наурыз айы үшін бірыңғай төлем; • Әлеуметтік төлемдер (МЗЖ, МЗЖЖ, МЗЖР, ӘА, МӘМС, МӘМСА) – наурыз айына.

    1 сәуір 2026 ж. – 1 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Салық есептілігін тапсыру және төлемдер мерзімі

    Салық есептілігін тапсыру және төлемдер мерзімі 📌 5 ақпанға дейін 🔹Жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жеке табыс салығы 📌 16 ақпанға дейін ұсынылады: 🔹101.03 нысан Резиденттің табысынан төлем көзінде ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп 🔹200.00 нысан Жеке табыс салығы және әлеуметтік салығы бойынша декларация 🔹300.00 нысан Қосылған құн салығы бойынша декларация 🔹400.00, 421.00 нысандар Акциздыі салық декларациясы 2026 жылдың желтоқсанына, құрылымдық бөлімшелер бойынша есеп 🔹701.01 нысан Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерге арналған салық есебі 🔹710.00 нысан Ойын бизнесі салығы бойынша декларация 🔹860.00 нысан Жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша декларация 🔹870.00 нысан Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша декларация 🔹880.00 нысан Цифрлық майнинг үшін төлемақы бойынша декларация 🔹910.00 нысан Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация 🔹913.00 нысан Арнайы бөлшек сауда салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация 📌 20 ақпанға дейін ұсынылады: 🔹328.00 Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш 🔹851.00 нысан Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдер сомаларының есебі 🔹Акциз/құрылымдық бөлімшелер үшін акциз 🔹ЕАЭО шеңберінде импортталатын тауарларға жанама салықтар. 📌 25 ақпанға дейін төленеді: 🔹Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер. 🔹Жеке (копоративтік) табыс салығы (910.00, 913.00 нысандар бойынша) 🔹Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы 🔹Әлеуметтік салық 🔹Қосылған құн салығы 🔹Ойын бизнесі салығы 🔹Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер 🔹Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының ағымдағы төлемдері 🔹Жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы 🔹Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем 🔹Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы 🔹Әлеуметтік аударымдар 🔹Міндетті зейнетақы жарналары 🔹Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары 🔹Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне аударымдар 🔹Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша міндетті зейнетақы жарналары

    2 ақпан 2026 ж. – 28 ақпан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    2025 жылғы желтоқсан айына арналған салықтар мен төлемдер күнтізбесі

    Салық есептілігінің күндері 🔹 15 желтоқсан • 400.00 нысаны - акциздік салық декларациясы + 421.00 нысаны – Акциз бойынша декларация және салық салуға қатысты құрылымдық бөлімшелер немесе обьектілер бойынша есеп айырысу 2025 жылдың қазан айына; 🔹 22 желтоқсан • 328.00 нысаны бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш. 🔹 31 желтоқсан • 101.02. нысаны - Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер; • 911.00 нысан Патент құнын есептеу. Төлемдер 🔹 5 желтлқсанға дейін • Жеке практикамен айналысатын тұлғаның жеке табыс салығы; 🔹 25 желтоқсанға дейін • Акциз/құрылымдық бөлімшелер үшін акциз; • ЕАЭО шеңберінде импортталатын тауарларға жанама салықтар. • Төлем көзі бойынша ұсталымдар үшін ЖТС • Әлеуметтік салық; • Әлеуметтік аударымдар, МЗЖ, МКЗЖ; • Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары; • Азаматтық- құқықтық келісімшарттар (АҚК) бойынша МЗЖ; • Төлем көзі бойынша КҚС; • Сыртқы (визуалды) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем; • Радиожиілік спектрлерін пайдалану ақысы; • Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын сондайақ ұялы байланыс қызметін көрсету ақысы; • Белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуға лицензияны пайдалану ақысы.

    2 желтоқсан 2025 ж. – 31 желтоқсан 2025 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    🔰2025 жылғы қыркүйек айына арналған салық күнтізбесі

    🔰2025 жылғы қыркүйек айына арналған салық күнтізбесі 🔹15 қыркүйек Салық есептілігі: - 400.00 нысаны – Акциз бойынша декларация + СЕН 421.00 Құрылымдық бөлімше үшін акциз есебі; - 250.00 нысаны – Активтер мен міндеттемелер туралы декларация; - 270.00 нысаны – Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы екларация. 🔹22 қыркүйек - 328.00 – Тауарларды әкелу және жанама салық төлеу туралы өтініш 🔹Төлемдер: 5 қыркүйек - Жеке тәжірибемен айналысатын тұлғаның ЖТС (ИПН); 🔹22 қыркүйек - Акциз + құрылымдық бөлімше үшін акциз; - ЕАЭО аясында импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар сомасы; 🔹25 қыркүйек - Төлем көзінен ұсталған ЖТС, әлеуметтік салық, әлеуметтік төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары; - КТС (КПН) бойынша аванстық төлемдер; - Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға төлем; - Төлем көзінен ұсталған КТС (КПН); - Арнайы салық режимі аясында мобильді қосымшаны қолдану арқылы ЖТС және әлеуметтік төлемдер; - Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем; - Еңбекақыдан ұсталатын бірыңғай салық төлем; - ОПВР – Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары

    9 қыркүйек 2025 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген дәрілік заттарды өткізу кезінде ҚҚС-тан босатуды қолдану тәртібін түсіндіруді сұраймыз. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 474-бабының 28) тармақшасына және 479-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес, ҚҚС-тан босату мұндай дәрілік заттарды өткізудің барлық кезеңдеріндегі өткізу бойынша айналымдарға қолданылатынын растауды сұраймыз.

    Жауап

    Салық кодексінің 503-бабына сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС ставкасы 16 пайызды құрайды. 5 пайыз мөлшеріндегі төмендетілген ставка (2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10 пайыз) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық бұйымдардың жиынтықтауыштарын және техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдарды өткізу және импорттау бойынша салық салынатын айналымға қолданылады. Мұндай тауарлардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1204 қаулысымен бекітілген. Сонымен бірге, Салық кодексінің 474-бабының 28) тармақшасына және 479-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес, орфандық және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттарды, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберіндегі медициналық қызметтерді (оның ішінде кешен құрамында көрсетілетіндерді) өткізу және импорттау бойынша айналымдар ҚҚС-тан босатылады. Салық кодексінің 474-бабының 28) тармақшасында және 479-бабы 1-тармағының 17) тармақшасында көрсетілген дәрілік заттар мен медициналық қызметтердің тізбесі, сондай-ақ оларды импорттау кезінде ҚҚС-тан босатуды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1203 қаулысымен бекітілген. Өз кезегінде, ҚҚС-тан босату тауардың бекітілген Тізбеге сәйкес келуі және аталған салықтық жеңілдікті қолдануды реттейтін заңнама талаптарының, соның ішінде оларды импорттау кезінде ҚҚС-тан босатуды қолдану тәртібінің сақталуы шартымен соңғы тұтынушыға дейін тауарларды өткізудің барлық кезеңдерінде (импорт – көтерме сауда – бөлшек сауда) қолданылады.

    Сұрақ

    Жаңа салық кодексіне сәйкес заңды тұлғалардың мүлкін бағалау 3 жылда 1 рет жүргізілуі тиіс. Сонымен бірге, Түркістан қаласы бойынша МКБ мүлікті қайта бағалау туралы хабарландыру жіберді. Қандай позицияны ұстану керек екенін түсіндіруді сұраймын.

    Жауап

    Иә, жаңа Салық кодексінде мүлік салығы бойынша салық базасын анықтау мақсатында жылжымайтын мүлікті міндетті түрде қайта бағалауды 3 жылда кемінде 1 рет жүргізу көзделген. Бұл ретте бұл норма 2026 жылдан бастап енгізілгендіктен, алғашқы міндетті қайта бағалау 2028 жылдың соңына дейін жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар, негізгі құралдардың есебін әділ құн әдісімен жүргізетін салық төлеушілерде қайта бағаланған құнды ескеру міндеттемесі бухгалтерлік есепте көзделген. Ал жылдық орташа теңгерімдік құн түріндегі салық базасы дәл бухгалтерлік есеп деректері бойынша анықталады. Бұл норма жаңа емес, ол әрқашан қолданыста болған. Тиісінше, егер негізгі құралдардың есебі осындай әдіс бойынша жүргізілсе және қайта бағалау жасалған болса, онда ол бухгалтерлік есепте ескерілуі тиіс және бұл салық базасына, сәйкесінше, мүлік салығының сомасына әсер етеді.

    Сұрақ

    Неліктен адал салық төлеуші екінші және одан кейінгі деңгейдегі өнім берушілердің әрекеттері үшін салықтық зардаптарды шегуі керек?

    Жауап

    Жаңа Салық кодексінің нормаларына сәйкес, ҚҚС асып кетуін қайтарудан бас тарту тек тікелей өнім берушілерде салықтық тәуекелдер болған кезде ғана мүмкін болады, олар бойынша ЭСФ жазып беру шектелген, олар Қылмыстық кодекстің 216 және 245-баптары бойынша қылмыстық істер бойынша өтеді және оларда салықтық міндеттемелерді азайтудың тікелей белгілері бар. Бұл ретте бақылау шеңберінде тексеру барысында анықталған барлық тәуекелдерді тексеру қажет. Осылайша, ҚҚС асып кетуін қайтару қағидаларының 43-тармағына сәйкес, МКД өнім берушілердің салық төлеуден жалтару схемаларын қолдануы нәтижесінде салықтық міндеттемелерін азайтуы анықталған өнім берушілерді анықтау және олар бойынша қарсы тексерулер жүргізу мақсатында экспорттаушының өнім берушілерінің бүкіл тізбегі бойынша «Өнім берушілер бойынша пирамида» есебін қалыптастырады.

    Сұрақ

    Түлкібас ауданы бойынша МКБ 2022 жылы тексеру жүргізді. Жүргізілген тексеру актісі ұсынылғанына қарамастан, қайтадан тексеру тағайындалды.

    Жауап

    2024 жылы 01.01.2020-31.12.2022 жж. кезеңі үшін «Энергоресурс» ЖШС-де ҚР Салық кодексінің (2017 жылғы редакциясы) 145-бабының 3-тармағының 1) тармақшасы негізінде жоспардан тыс салықтық тексеру жүргізілді. Салықты тексеру нәтижелері бойынша 08.04.2024 жылғы №75 хабарлама табыс етілді, онда қосымша есептелген сома 366 529 619 теңгені құрады, оның ішінде 101111 КБЖ бойынша – 159 492 457 теңге, өсімпұл сомасы 31 699 988 теңге, 105101 КБЖ бойынша – 163 308 712 теңге, өсімпұл сомасы 12 034 461 теңге. Салық төлеуші хабарламаға ҚР Қаржы министрлігіне шағым түсірді, онда 04.07.2024 жылғы №ЗТ-2024-03672406 шешімімен салық органдарының пайдасына толықтай шешім шығарылды. Әрі қарай, салық төлеуші Түркістан облысының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жүгінді. Аталған соттың шешімі 2024 жылғы 30 қыркүйекте №5194-24-00-4/778 ісі бойынша салық органының пайдасына шығарылды. Жоғарыда көрсетілген шешім шыққаннан кейін салық төлеуші Түркістан облыстық сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына апелляцияға берді, онда да апелляциялық комиссия бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды. Өз құқықтарын пайдалана отырып, салық төлеуші Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотына талап арыз берді, онда қарау қорытындысы бойынша 2025 жылғы 21 тамыздағы 6003-25-00-4к/1064 шешімі салық органының пайдасына шығарылды. Қазіргі уақытта «Энергоресурс» ЖШС оңалту, сауықтыру рәсімінен және «Оңалту рәсімі туралы іс қозғау туралы ұйғарымға» шағымдану рәсімінен өтуде. Камералдық бақылау бойынша келесі хабарламалар қалыптастырылды және бүгінгі күні салық төлеушіге жеткізілді: 1) 20.11.2025 ж. №5815KI500046. 100.00-СЕН деректерін алынған ЭСФ-тер бойынша мәліметтермен, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жеке тұлғалардан алынған қызметтермен (олардың мәні қызмет көрсету немесе жұмыстарды орындау болып табылады), бейрезиденттен алынған қызметтер бойынша деректермен, ЕАЭО елдерінен импорт туралы мәліметтермен (328.00-СЕН), сондай-ақ үшінші елдерден импорт бойынша жүк кедендік декларацияларының (ЖКД) деректерімен салыстыру негізінде белгіленген, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша КЖС бойынша шегерімдерді негізсіз арттыру. Бұзушылық сомасы: 548 996 567 теңге. Камералдық бақылаумен қамтылған кезең: 01.01.2022-31.12.2022. 2) 13.10.2025 ж. №5815X4500001. Сіз ұсынған ҚҚС бойынша декларацияларды және алынған электрондық шот-фактураларды камералдық бақылау барысында есепке жатқызылатын ҚҚС сомасының негізсіз арттырылуы анықталды (Салық кодексінің 46-тарауын бұза отырып). Бұзушылық сомасы: 96 584 718 теңге. Камералдық бақылаумен қамтылған кезең: 01.01.2022-30.06.2025 жж. 3) 30.09.2025 ж. №5815OO800006. Камералдық бақылау барысында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексінің (Салық кодексі) 400-бабын бұза отырып, есепке жатқызылатын ҚҚС сомалары негізсіз арттырылғаны анықталды. Бұзушылық сомасы: 21 365 214 теңге. Камералдық бақылаумен қамтылған кезең: 01.07.2022-30.09.2022 жж. №5815KI500046 және №5815OO800006 хабарламалары бойынша анықталған бұзушылықтар 2024 жылы жүргізілген салықтық тексеру барысында ескерілген, осыған байланысты аталған хабарламалар бойынша салықтық тексеру тағайындау қаралмайды. №5815X4500001 хабарламасы бойынша бұзушылықтар салықтық тексеру барысында толық көлемде ескерілмеген. Сонымен қатар, осы хабарламамен қамтылатын кезеңнің бір бөлігі көрсетілген тексеруді жүргізу кезеңіне кірмейді. Осыған байланысты, аталған хабарлама бойынша салықтық тексеруді тағайындау үшін Қазақстан Республикасының ӘРПК-де көзделген рәсімдер жүзеге асырылатын болады.

    Сұрақ

    Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламалар бойынша толық ақпарат (шифрды ашу) сұрадым.

    Жауап

    Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы 3 хабарландыру бойынша толық мәліметтерді (шифрды ашу) жіберу туралы тапсырма берілді.

    Сұрақ

    Менде 2026 жылдың 3 ай кезеңінде СЕН 328.00 АЖНА (ИСНА) жүйесінде өткізілмей (разноска) жатыр, не істеуім керек?

    Жауап

    МКД ақпараттық жүйелерінде 328.00 салық есептілігі нысанын қабылдау және өңдеу бөлігінде жұмыстар жүргізілді. 328.00-СЕН-ді өткізу және сторнылау штаттық режимде жүзеге асырылады. Сондай-ақ, бұрын ұсынылғанның орнына 328.00-СЕН-ді қабылдау тұрақты жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда бұрын ұсынылғанның орнына 328.00-СЕН-ді қайта ұсыну мүмкіндігі бар. Техникалық проблемаларды анықтау үшін МКД-ге қателіктің өзекті скриншоттарын ұсына отырып немесе АЖНА СТК (КНП ИСНА) функционалы: «Қолдау – Кері байланыс» бөлімі арқылы Қолдау қызметіне жүгіну арқылы нүктелі тексеру жүргізу қажет. Өтінішке жауап пайдаланушы профилінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына жіберіледі. Бұдан басқа, өтінішті АЖНА СТК Қолдау қызметінің электрондық мекенжайына жіберуге болады: [email protected].

    Ақпарат

    САЛЫҚ ТӨЛЕУШІГЕ ЖАДЫНАМА

    Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының 25 желтоқсан 2017 жылғы №120-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (әрі қарай - ҚР СК) 19 бабына сәйкес, мемлекеттік кірістер органдарына (әрі қарай - МКО) салық төлеушілердің міндеттерін уақтылы орындауын яғни, салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеудің дұрыстығын және төлеудің (ұстап қалудың және аударудың) уақтылылығын, әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақтылығын қадағалау жүктелген. Осыған орай, Сізге келесі көрсетілген талаптар бойынша: «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы N 439 Заңының (әрі қарай-Заң) 11-бабына сәйкес: 1. Қазақстан Республикасының аумағында темекi өнiмдерiн өткiзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Темекі өнімдерінің айналымы кезінде міндетті түрде тауарларды әкелу туралы хабарлама және қабылдау (беру) актісі ресімделеді. Тауарларды әкелу туралы хабарламаны және қабылдау (беру) актісін ресімдеу тәртібін уәкілетті орган белгілейді. Тауарларды әкелу туралы хабарламасы және қабылдау (беру) актісі жоқ, сондай-ақ темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және олардың қадағалану қағидалары бұзылған темекі өнімдерінің айналымына және орнын ауыстыруына тыйым салынады. Заңның 13-бабына сәйкес: Қызметiн Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңдарын бұза отырып жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Шығарылған жері белгіленбеген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және техникалық регламенттердің талаптарына және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін, сондай-ақ сәйкестендіру құралдарынсыз және сәйкестендіру құралдарымен темекі бұйымдарын таңбалау және олардың қадағалану қағидалары бұзыла отырып өткізілетін темекі өнімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алып қоюға және жоюға жатады. Сәйкестендіру құралдарымен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарлардың сәйкестендіру құралдарынсыз және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларынсыз, сол сияқты белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін маркалары және сәйкестендіру құралдары бар акцизделетін өнімді сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түрінде жасалған айналымы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 283-бабының 2-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген. Сонымен қатар, "Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 196 бұйрығына сәйкес, фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге (темекі өнімдерінің) ең төмен бөлшек саудадағы бағалары (920 теңге қорабына) белгіленген. Белгіленген ең төменгі бөлшек сауда бағаларынан төмен бағамен сатқаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 281-бабының 5-тармағының 5-тармақшасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген. Құрметті салық төлеушілер, Сіздер, еліміздің дамуымен өркендеуіне өздеріңіздің зор үлес қосатындарыңызды естеріңізге саламыз. Кәсіпкерлікті заң талаптарын сақтай отырып, таза абыроймен, ар-ожданмен, ұқыптылықпен жүзеге асыратын болсаңыз мемлекет тарапынан қолдау көп. Осыған орай, Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, барлық кәсіпкерлерлік субъектілерін, көрсетілген ақпаратты пайдаланып, оңтайлы және дұрыс салық менталитетін қалыптастыруға шақырады.

    Жарияланды:
    Басқа

    Борышкерді құрылымдау деп тану және құрылымдау рәсімін қозғау туралы хабарландыру

    Жарияланды:
    Басқа

    Банкроттық рәсімін қозғамай борышкерді тарату және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру

    Жарияланды:
    Басқа

    Борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай (қозғамай) отырып, оны тарату туралы хабарландыру

    Жарияланды:
    Басқа

    Банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру

    Жарияланды:
    Басқа

    Оңалту рәсіміндегі кредиторлар жиналысын жүргізу туралы хабарландыру

    Жарияланды: