Түлкібас ауданы бойынша МКБ 2022 жылы тексеру жүргізді. Жүргізілген тексеру актісі ұсынылғанына қарамастан, қайтадан тексеру тағайындалды.

    ·
    Сұрақ

    Түлкібас ауданы бойынша МКБ 2022 жылы тексеру жүргізді. Жүргізілген тексеру актісі ұсынылғанына қарамастан, қайтадан тексеру тағайындалды.

    Жауап

    2024 жылы 01.01.2020-31.12.2022 жж. кезеңі үшін «Энергоресурс» ЖШС-де ҚР Салық кодексінің (2017 жылғы редакциясы) 145-бабының 3-тармағының 1) тармақшасы негізінде жоспардан тыс салықтық тексеру жүргізілді.

    Салықты тексеру нәтижелері бойынша 08.04.2024 жылғы №75 хабарлама табыс етілді, онда қосымша есептелген сома 366 529 619 теңгені құрады, оның ішінде 101111 КБЖ бойынша – 159 492 457 теңге, өсімпұл сомасы 31 699 988 теңге, 105101 КБЖ бойынша – 163 308 712 теңге, өсімпұл сомасы 12 034 461 теңге.

    Салық төлеуші хабарламаға ҚР Қаржы министрлігіне шағым түсірді, онда 04.07.2024 жылғы №ЗТ-2024-03672406 шешімімен салық органдарының пайдасына толықтай шешім шығарылды.

    Әрі қарай, салық төлеуші Түркістан облысының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жүгінді. Аталған соттың шешімі 2024 жылғы 30 қыркүйекте №5194-24-00-4/778 ісі бойынша салық органының пайдасына шығарылды.

    Жоғарыда көрсетілген шешім шыққаннан кейін салық төлеуші Түркістан облыстық сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына апелляцияға берді, онда да апелляциялық комиссия бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

    Өз құқықтарын пайдалана отырып, салық төлеуші Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотына талап арыз берді, онда қарау қорытындысы бойынша 2025 жылғы 21 тамыздағы 6003-25-00-4к/1064 шешімі салық органының пайдасына шығарылды.

    Қазіргі уақытта «Энергоресурс» ЖШС оңалту, сауықтыру рәсімінен және «Оңалту рәсімі туралы іс қозғау туралы ұйғарымға» шағымдану рәсімінен өтуде.

    Камералдық бақылау бойынша келесі хабарламалар қалыптастырылды және бүгінгі күні салық төлеушіге жеткізілді:

    1) 20.11.2025 ж. №5815KI500046. 100.00-СЕН деректерін алынған ЭСФ-тер бойынша мәліметтермен, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жеке тұлғалардан алынған қызметтермен (олардың мәні қызмет көрсету немесе жұмыстарды орындау болып табылады), бейрезиденттен алынған қызметтер бойынша деректермен, ЕАЭО елдерінен импорт туралы мәліметтермен (328.00-СЕН), сондай-ақ үшінші елдерден импорт бойынша жүк кедендік декларацияларының (ЖКД) деректерімен салыстыру негізінде белгіленген, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша КЖС бойынша шегерімдерді негізсіз арттыру. Бұзушылық сомасы: 548 996 567 теңге.

    Камералдық бақылаумен қамтылған кезең: 01.01.2022-31.12.2022.

    2) 13.10.2025 ж. №5815X4500001. Сіз ұсынған ҚҚС бойынша декларацияларды және алынған электрондық шот-фактураларды камералдық бақылау барысында есепке жатқызылатын ҚҚС сомасының негізсіз арттырылуы анықталды (Салық кодексінің 46-тарауын бұза отырып).

    Бұзушылық сомасы: 96 584 718 теңге. Камералдық бақылаумен қамтылған кезең: 01.01.2022-30.06.2025 жж.

    3) 30.09.2025 ж. №5815OO800006. Камералдық бақылау барысында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексінің (Салық кодексі) 400-бабын бұза отырып, есепке жатқызылатын ҚҚС сомалары негізсіз арттырылғаны анықталды.

    Бұзушылық сомасы: 21 365 214 теңге.

    Камералдық бақылаумен қамтылған кезең: 01.07.2022-30.09.2022 жж.

    №5815KI500046 және №5815OO800006 хабарламалары бойынша анықталған бұзушылықтар 2024 жылы жүргізілген салықтық тексеру барысында ескерілген, осыған байланысты аталған хабарламалар бойынша салықтық тексеру тағайындау қаралмайды.

    №5815X4500001 хабарламасы бойынша бұзушылықтар салықтық тексеру барысында толық көлемде ескерілмеген. Сонымен қатар, осы хабарламамен қамтылатын кезеңнің бір бөлігі көрсетілген тексеруді жүргізу кезеңіне кірмейді. Осыған байланысты, аталған хабарлама бойынша салықтық тексеруді тағайындау үшін Қазақстан Республикасының ӘРПК-де көзделген рәсімдер жүзеге асырылатын болады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген дәрілік заттарды өткізу кезінде ҚҚС-тан босатуды қолдану тәртібін түсіндіруді сұраймыз. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 474-бабының 28) тармақшасына және 479-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес, ҚҚС-тан босату мұндай дәрілік заттарды өткізудің барлық кезеңдеріндегі өткізу бойынша айналымдарға қолданылатынын растауды сұраймыз.

    Жауап

    Салық кодексінің 503-бабына сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС ставкасы 16 пайызды құрайды. 5 пайыз мөлшеріндегі төмендетілген ставка (2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10 пайыз) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық бұйымдардың жиынтықтауыштарын және техника...

    ·
    Сұрақ

    Жаңа салық кодексіне сәйкес заңды тұлғалардың мүлкін бағалау 3 жылда 1 рет жүргізілуі тиіс. Сонымен бірге, Түркістан қаласы бойынша МКБ мүлікті қайта бағалау туралы хабарландыру жіберді. Қандай позицияны ұстану керек екенін түсіндіруді сұраймын.

    Жауап

    Иә, жаңа Салық кодексінде мүлік салығы бойынша салық базасын анықтау мақсатында жылжымайтын мүлікті міндетті түрде қайта бағалауды 3 жылда кемінде 1 рет жүргізу көзделген. Бұл ретте бұл норма 2026 жылдан бастап енгізілгендіктен, алғашқы міндетті қайта бағалау 2028 жылдың соңына д...

    ·
    Сұрақ

    Неліктен адал салық төлеуші екінші және одан кейінгі деңгейдегі өнім берушілердің әрекеттері үшін салықтық зардаптарды шегуі керек?

    Жауап

    Жаңа Салық кодексінің нормаларына сәйкес, ҚҚС асып кетуін қайтарудан бас тарту тек тікелей өнім берушілерде салықтық тәуекелдер болған кезде ғана мүмкін болады, олар бойынша ЭСФ жазып беру шектелген, олар Қылмыстық кодекстің 216 және 245-баптары бойынша қылмыстық істер бойынша өт...

    ·
    Сұрақ

    Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламалар бойынша толық ақпарат (шифрды ашу) сұрадым.

    Жауап

    Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы 3 хабарландыру бойынша толық мәліметтерді (шифрды ашу) жіберу туралы тапсырма берілді.

    ·
    Сұрақ

    Менде 2026 жылдың 3 ай кезеңінде СЕН 328.00 АЖНА (ИСНА) жүйесінде өткізілмей (разноска) жатыр, не істеуім керек?

    Жауап

    МКД ақпараттық жүйелерінде 328.00 салық есептілігі нысанын қабылдау және өңдеу бөлігінде жұмыстар жүргізілді. 328.00-СЕН-ді өткізу және сторнылау штаттық режимде жүзеге асырылады. Сондай-ақ, бұрын ұсынылғанның орнына 328.00-СЕН-ді қабылдау тұрақты жұмыс істейді. Қажет болған жағд...

    ·
    Сұрақ

    Кедендік әкімшілендіруде жасанды интеллект технологияларын пайдалану мүмкіндігі қарастырылып жатыр ма?

    Жауап

    Жалпы, Комитет кедендік және салықтық әкімшілендіру қызметтерінің процестеріне ЖИ-ді енгізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. «Keden» ақпараттық жүйесінде Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы (бұдан әрі – СЭҚ ТН) кодын таңдау бойынша цифрлық көмекші іске асырылды. Бұл...

    ·
    Сұрақ

    Егер қаржылық жағдай қарызды біржолата өтеуге мүмкіндік бермесе, салық төлеу бойынша кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) алуға бола ма?

    Жауап

    Жаңа Салық кодексінде, егер салық берешегінің сомасы 1 500 АЕК-тен (6 487 500 теңге) аспаса, мүлікті кепілге қоймай және банктік кепілдіксіз салықтарды төлеуді кейінге қалдыруға (бөліп төлеуге) болатындығы көзделген. Бұл ретте салық органының міндетті сипаттағы барлық хабарламала...

    ·
    Сұрақ

    Салық органы бизнесті бөлшектеу фактісін анықтау кезінде қандай объективті критерийлерді басшылыққа алады?

    Жауап

    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексіне қаржы-шаруашылық қызмет туралы мәліметтерді бұрмалаумен, бизнесті жасанды түрде бөлшектеумен және негізсіз салықтық пайда алумен байланысты схемалардың жолын кесуге, сондай-ақ адал бәсекелестік принципін қамтамасыз етуге бағытталған ө...

    ·