Егер қаржылық жағдай қарызды біржолата өтеуге мүмкіндік бермесе, салық төлеу бойынша кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) алуға бола ма?
Жаңа Салық кодексінде, егер салық берешегінің сомасы 1 500 АЕК-тен (6 487 500 теңге) аспаса, мүлікті кепілге қоймай және банктік кепілдіксіз салықтарды төлеуді кейінге қалдыруға (бөліп төлеуге) болатындығы көзделген. Бұл ретте салық органының міндетті сипаттағы барлық хабарламалары орындалуы тиіс.