Салық органы бизнесті бөлшектеу фактісін анықтау кезінде қандай объективті критерийлерді басшылыққа алады?
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексіне қаржы-шаруашылық қызмет туралы мәліметтерді бұрмалаумен, бизнесті жасанды түрде бөлшектеумен және негізсіз салықтық пайда алумен байланысты схемалардың жолын кесуге, сондай-ақ адал бәсекелестік принципін қамтамасыз етуге бағытталған өзгерістер күшіне енді.
Осыған байланысты, Салық кодексінің 30-бабы «Салық төлеушінің (салық агентінің) адалдық принципі» қаржы-шаруашылық қызмет фактілері туралы мәліметтерді бұрмалауға, салықтық пайда (салықты үнемдеу) алу және салық төлемдерін азайту мақсатында бизнесті бөлшектеуге бағытталған әрекеттерді жасауға тыйым салатын нормамен толықтырылды.