Салық кодексінің 503-бабына сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС ставкасы 16 пайызды құрайды.
5 пайыз мөлшеріндегі төмендетілген ставка (2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10 пайыз) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық бұйымдардың жиынтықтауыштарын және техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдарды өткізу және импорттау бойынша салық салынатын айналымға қолданылады.
Мұндай тауарлардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1204 қаулысымен бекітілген.
Сонымен бірге, Салық кодексінің 474-бабының 28) тармақшасына және 479-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес, орфандық және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттарды, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберіндегі медициналық қызметтерді (оның ішінде кешен құрамында көрсетілетіндерді) өткізу және импорттау бойынша айналымдар ҚҚС-тан босатылады.
Салық кодексінің 474-бабының 28) тармақшасында және 479-бабы 1-тармағының 17) тармақшасында көрсетілген дәрілік заттар мен медициналық қызметтердің тізбесі, сондай-ақ оларды импорттау кезінде ҚҚС-тан босатуды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1203 қаулысымен бекітілген.
Өз кезегінде, ҚҚС-тан босату тауардың бекітілген Тізбеге сәйкес келуі және аталған салықтық жеңілдікті қолдануды реттейтін заңнама талаптарының, соның ішінде оларды импорттау кезінде ҚҚС-тан босатуды қолдану тәртібінің сақталуы шартымен соңғы тұтынушыға дейін тауарларды өткізудің барлық кезеңдерінде (импорт – көтерме сауда – бөлшек сауда) қолданылады.