Кедендік әкімшілендіруде жасанды интеллект технологияларын пайдалану мүмкіндігі қарастырылып жатыр ма?

    ·
    Сұрақ

    Кедендік әкімшілендіруде жасанды интеллект технологияларын пайдалану мүмкіндігі қарастырылып жатыр ма?

    Жауап

    Жалпы, Комитет кедендік және салықтық әкімшілендіру қызметтерінің процестеріне ЖИ-ді енгізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

    «Keden» ақпараттық жүйесінде Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы (бұдан әрі – СЭҚ ТН) кодын таңдау бойынша цифрлық көмекші іске асырылды.

    Бұл сервис пайдаланушыға тауардың атауын немесе сипаттамасын енгізуге мүмкіндік береді, содан кейін жүйе автоматты түрде интеллектуалды іздеуді жүзеге асырады және тиісті атаулары бар ең қолайлы СЭҚ ТН кодтарын ұсынады.

    Бұл функционалды енгізу тауарларды жіктеу сапасын арттыруға, кедендік декларациялау кезіндегі қателіктер санын азайтуға және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін СЭҚ ТН кодын анықтау рәсімін жеңілдетуге ықпал етеді.

    Сонымен қатар, жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, ұсынылған құжаттар негізінде алдын ала ақпаратты автоматты түрде алдын ала толтыру функционалы тестілеуден өткізілуде. Бұл механизмді іске асыру мәліметтерді өңдеу уақытын қысқартуға, адам факторының әсерін барынша азайтуға және кедендік құжаттарды дайындау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

    Сондай-ақ, жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, инспекциялық-тексеру кешендерінің (ИТК) рентгендік бейнелерін талдау жүйесін сынақтан өткізу басталды. Жүйе рентген суреттеріндегі объектілер мен тауарларды автоматты түрде тануды қамтамасыз етеді, талдаудың алдын ала нәтижелерін және тексерілетін жүктердің мазмұны туралы болжамдарды қалыптастырады.

    Аталған шешімді енгізу рентгендік бейнелерді өңдеу жылдамдығын айтарлықтай арттыруға, суреттерді талдауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға түсетін жүктемені азайтуға, сондай-ақ шешім қабылдау кезінде талдауды қолдаудың қосымша деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Бейнелерді талдау кезінде ЖИ-ді пайдалану кедендік бақылаудың тиімділігін арттыруға, әлеуетті маңызды объектілерді жіберіп алу ықтималдығын төмендетуге, сондай-ақ кедендік тексеруді неғұрлым объективті, ашық және сапалы жүргізуді қамтамасыз етуге ықпал етеді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізбеге енгізілген дәрілік заттарды өткізу кезінде ҚҚС-тан босатуды қолдану тәртібін түсіндіруді сұраймыз. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 474-бабының 28) тармақшасына және 479-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес, ҚҚС-тан босату мұндай дәрілік заттарды өткізудің барлық кезеңдеріндегі өткізу бойынша айналымдарға қолданылатынын растауды сұраймыз.

    Жауап

    Салық кодексінің 503-бабына сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС ставкасы 16 пайызды құрайды. 5 пайыз мөлшеріндегі төмендетілген ставка (2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10 пайыз) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық бұйымдардың жиынтықтауыштарын және техника...

    ·
    Сұрақ

    Жаңа салық кодексіне сәйкес заңды тұлғалардың мүлкін бағалау 3 жылда 1 рет жүргізілуі тиіс. Сонымен бірге, Түркістан қаласы бойынша МКБ мүлікті қайта бағалау туралы хабарландыру жіберді. Қандай позицияны ұстану керек екенін түсіндіруді сұраймын.

    Жауап

    Иә, жаңа Салық кодексінде мүлік салығы бойынша салық базасын анықтау мақсатында жылжымайтын мүлікті міндетті түрде қайта бағалауды 3 жылда кемінде 1 рет жүргізу көзделген. Бұл ретте бұл норма 2026 жылдан бастап енгізілгендіктен, алғашқы міндетті қайта бағалау 2028 жылдың соңына д...

    ·
    Сұрақ

    Неліктен адал салық төлеуші екінші және одан кейінгі деңгейдегі өнім берушілердің әрекеттері үшін салықтық зардаптарды шегуі керек?

    Жауап

    Жаңа Салық кодексінің нормаларына сәйкес, ҚҚС асып кетуін қайтарудан бас тарту тек тікелей өнім берушілерде салықтық тәуекелдер болған кезде ғана мүмкін болады, олар бойынша ЭСФ жазып беру шектелген, олар Қылмыстық кодекстің 216 және 245-баптары бойынша қылмыстық істер бойынша өт...

    ·
    Сұрақ

    Түлкібас ауданы бойынша МКБ 2022 жылы тексеру жүргізді. Жүргізілген тексеру актісі ұсынылғанына қарамастан, қайтадан тексеру тағайындалды.

    Жауап

    2024 жылы 01.01.2020-31.12.2022 жж. кезеңі үшін «Энергоресурс» ЖШС-де ҚР Салық кодексінің (2017 жылғы редакциясы) 145-бабының 3-тармағының 1) тармақшасы негізінде жоспардан тыс салықтық тексеру жүргізілді. Салықты тексеру нәтижелері бойынша 08.04.2024 жылғы №75 хабарлама табыс ет...

    ·
    Сұрақ

    Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламалар бойынша толық ақпарат (шифрды ашу) сұрадым.

    Жауап

    Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы 3 хабарландыру бойынша толық мәліметтерді (шифрды ашу) жіберу туралы тапсырма берілді.

    ·
    Сұрақ

    Менде 2026 жылдың 3 ай кезеңінде СЕН 328.00 АЖНА (ИСНА) жүйесінде өткізілмей (разноска) жатыр, не істеуім керек?

    Жауап

    МКД ақпараттық жүйелерінде 328.00 салық есептілігі нысанын қабылдау және өңдеу бөлігінде жұмыстар жүргізілді. 328.00-СЕН-ді өткізу және сторнылау штаттық режимде жүзеге асырылады. Сондай-ақ, бұрын ұсынылғанның орнына 328.00-СЕН-ді қабылдау тұрақты жұмыс істейді. Қажет болған жағд...

    ·
    Сұрақ

    Егер қаржылық жағдай қарызды біржолата өтеуге мүмкіндік бермесе, салық төлеу бойынша кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) алуға бола ма?

    Жауап

    Жаңа Салық кодексінде, егер салық берешегінің сомасы 1 500 АЕК-тен (6 487 500 теңге) аспаса, мүлікті кепілге қоймай және банктік кепілдіксіз салықтарды төлеуді кейінге қалдыруға (бөліп төлеуге) болатындығы көзделген. Бұл ретте салық органының міндетті сипаттағы барлық хабарламала...

    ·
    Сұрақ

    Салық органы бизнесті бөлшектеу фактісін анықтау кезінде қандай объективті критерийлерді басшылыққа алады?

    Жауап

    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексіне қаржы-шаруашылық қызмет туралы мәліметтерді бұрмалаумен, бизнесті жасанды түрде бөлшектеумен және негізсіз салықтық пайда алумен байланысты схемалардың жолын кесуге, сондай-ақ адал бәсекелестік принципін қамтамасыз етуге бағытталған ө...

    ·