Менде 2026 жылдың 3 ай кезеңінде СЕН 328.00 АЖНА (ИСНА) жүйесінде өткізілмей (разноска) жатыр, не істеуім керек?
МКД ақпараттық жүйелерінде 328.00 салық есептілігі нысанын қабылдау және өңдеу бөлігінде жұмыстар жүргізілді.
328.00-СЕН-ді өткізу және сторнылау штаттық режимде жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, бұрын ұсынылғанның орнына 328.00-СЕН-ді қабылдау тұрақты жұмыс істейді.
Қажет болған жағдайда бұрын ұсынылғанның орнына 328.00-СЕН-ді қайта ұсыну мүмкіндігі бар.
Техникалық проблемаларды анықтау үшін МКД-ге қателіктің өзекті скриншоттарын ұсына отырып немесе АЖНА СТК (КНП ИСНА) функционалы: «Қолдау – Кері байланыс» бөлімі арқылы Қолдау қызметіне жүгіну арқылы нүктелі тексеру жүргізу қажет.
Өтінішке жауап пайдаланушы профилінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына жіберіледі. Бұдан басқа, өтінішті АЖНА СТК Қолдау қызметінің электрондық мекенжайына жіберуге болады: [email protected].