ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау
ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны оларға қатысты кедендік рәсім алғаш рет мәлімделген кезде айқындалады. Сондай-ақ кедендік құн алдын ала, толық емес, мерзімдік және уақытша кедендік декларациялау кезінде де айқындалады.
Тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін мынадай алты әдіс қолданылады:
1. Әкелінетін тауарлармен жасалған мәміленің құны бойынша әдіс;
2. Бірдей тауарлармен жасалған мәміленің құны бойынша әдіс;
3. Біртекті тауарлармен жасалған мәміленің құны бойынша әдіс;
4. Шегеру әдісі;
5. Қосу әдісі;
6. Резервтік әдіс.
Негізгі әдіс – әкелінетін тауарлармен жасалған мәміленің құны бойынша әдіс. Егер осы әдісті қолдану мүмкін болмаса, қалған әдістер белгіленген тәртіппен бірізділікпен қолданылады.
Тауарлар кедендік транзит, кедендік қойма, жою және мемлекет пайдасына бас тарту сияқты жекелеген кедендік рәсімдерге орналастырылған кезде олардың кедендік құны айқындалмайды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









