ЕАЭО елдеріне экспорттау кезінде ҚКС туралы не білу қажет?

    Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберінде экспорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде қосылған құн салығының (ҚҚС) нөлдік ставкасын қолдану ережелері.

    Салық кодексінің 520-бабына сәйкес, тауарларды Қазақстан аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына шығару кезінде салық салудың ерекше тәртібі қолданылады.

    Негізгі ережелер:
    Нөлдік ставка (0%): Қазақстан Республикасынан ЕАЭО елдеріне тауарларды экспорттау кезінде ҚҚС-тың 0% ставкасы қолданылады.
    Есепке жатқызу құқығы: Егер осы тарауда өзгеше белгіленбесе, ҚҚС төлеуші Салық кодексінің 49-тарауына сәйкес ҚҚС-ты есепке жатқызуға құқылы.

    0% ставкасы қандайжағдайларда қолданылады?

    Тікелей экспорт: Тауарларды ЕАЭО бойынша серіктестерге стандартты сату.
    Тауарларды дайындау: ҚР аумағында оларды дайындау жөніндегі шарттар бойынша орындалған жұмыстардың нәтижесі болып табылатын тауарларды шығару (бұл ретте алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша жұмыстар нәтижесіндегі тауарлар жатпайды).
    Лизинг жене қарыздар: Меншік құқығы өтетін лизинг шарттары бойынша тауарларды (лизинг нысаналарын) шығару, сондай-ақ заттай нысандағы қарыз беру шарттары.
    Маңызды: Нөлдік ставканы растау үшін құжаттардың толық пакеті (тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш, көлік құжаттары және т.б.) болуы тиіс.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары