1 / 5
Түркістан облысында мүгедектігі бар азаматтардың қауіпсіздігі және инклюзивті орта қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстелге әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және жұмыспен қамту салалары мен Қоғамдық Бірлестіктің өкілдері қатысты. Іс-шара барысында әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және жұмыспен қамту салаларының өкілдері төтенше жағдайлар кезінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды құлақтандыру, эвакуациялау және оларға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін талқылады.
Аталған шара ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қауіпсіздік ақпаратын қолжетімді етіп, инклюзивті қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









