Алтай ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері мұз үстіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
Рейд барысында жұқа мұз үстінде құтқару кеудешелерінсіз балық аулап, өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген азаматтар анықталуда.
Анықталған фактілер бойынша құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылады.
Сонымен қатар азаматтармен қысқы кезеңде су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтау және жұқа, қатпаған мұз үстіне шықпау қажеттілігі туралы профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









