Көкшетауда облыстық жедел жәрдем станциясының жанынан жеке автошаруашылық құрылды

    1 / 3

    2026 жылғы тамыз айынан бастап облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының жанынан бес жөндеуші маманнан тұратын жеке автошаруашылық жұмыс істей бастады. Бұл жедел жәрдем көліктеріне техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын өз күшімен жүргізуге мүмкіндік берді.
    Үш ай ішінде 84 автокөлік жөндеуден өтті. Тағы 8 көлік жөндеу кезегінде тұр. Қызметтің жалпы автопаркі 101 бірлікті құрайды.
    Жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес төрт бағыт бойынша жүргізіледі: ағымдағы, шұғыл, профилактикалық және күрделі жөндеу. Көліктерде жиі кездесетін ақаулардың бірі - күнделікті пайдалану кезінде жоғары жүктемеге түсетін жүріс бөлігінің істен шығуы.
    Жеке автошаруашылықтың болуы арнайы көліктердің жөндеу уақытын қысқартып, олардың техникалық жарамдылығын тұрақты бақылауға және жедел жәрдем қызметінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
    Айта кетейік, қолда бар ақпаратқа сәйкес, Көкшетаудағы бұл тәжірибе Павлодардан кейінгі республикадағы екінші жоба болып табылады.
    Жедел жәрдем көлігінің әрдайым техникалық жарамды болуы - медициналық бригадалардың шақырту орнына уақытылы жетуіні.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары