Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әмренова облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермекпен бірге «Viamedis» ЖШС емханасы мен Қалалық емхананың жұмысымен танысты.
Сапар барысында вакцинацияны ұйымдастыру барысы, егу кабинеттерінің қызметі, вакциналарды сақтау талаптарының сақталуы және халықты профилактикалық иммундаумен қамту көрсеткіштері қаралды. Сонымен қатар «Вакцинация» ақпараттық жүйесінің жұмысы таныстырылды.
2026 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша облыста профилактикалық екпелермен қамту көрсеткіші 68,8%-ды құрады. Тоғыз айдың қорытындысымен салыстырғанда нормативтен артта қалу деңгейі 12,1%-дан 10,3%-ға дейін төмендеді. Қазан айында бұл көрсеткіш 8,11%-ды құрап, белгіленген 7,9% нормативінен асты.
Тұмауға қарсы вакцинация бойынша жоспарланған 63 230 адамның 54 909-ы екпе алды. Нәтижесінде жоспардың орындалуы 86,8%-ды құрады.
Облыста халықты иммундау көрсеткіштеріне күнделікті мониторинг жүргізілуде. Сонымен қатар тұрғындар арасында вакцинацияның маңыздылығы мен профилактикалық екпелердің қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







