«АУЫЛ, КЕНТ ЖЕРЛЕРІНЕН ЖЕР УЧАСКЕСІН БЕРУ» МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТІН АЛУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
«Вишневый ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі тұрғындарға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына 9-қосымшаға сәйкес «Ауыл, кент жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін алу мүмкіндігі туралы тұрғындарды хабардар етеді.
Халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында Вишневый ауылдық округі әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Бұл бұрыш арқылы азаматтар электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті техникалық құралдарды пайдалана алады. Әкімдік аппаратының мамандары аталған мемлекеттік қызметті алу және өтініш беру тәртібі бойынша кеңес беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Вишневый ауылдық округінің тұрғындарын мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы әрі қолжетімді түрде алу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының мүмкіндіктерін пайдалануға шақырамыз.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







