Электр сымдары мен түтін мұржаларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы

    1 / 2

    ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

    Электр сымдары мен түтін мұржаларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы

    Құрметті тұрғындар!

    Өрттің алдын алу және тұрғын үйлердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында келесі ережелерді сақтауды сұраймыз.

    1.Электр сымдарының қауіпсіздігі

    • Электр сымдары мен розеткалардың жарамдылығын үнемі тексеріңіз.
    • Зақымдалған, ескірген электр сымдарын уақытылы ауыстырыңыз.
    • Бір розеткаға бірнеше қуатты электр құралдарын қоспаңыз.
    • Электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз.
    • Үйден шығарда электр құралдарын сөндіріңіз.
    • Электр сымдарын өз бетіңізше жөндемеңіз, маманға жүгініңіз.

    2.Түтін мұржаларының қауіпсіздігі

    • Түтін мұржаларын уақытылы күйеден тазалаңыз.
    • Жылыту маусымы басталар алдында мұржалардың жарамдылығын тексеріңіз.
    • Мұржада жарықтар мен зақымданулардың болуына жол бермеңіз.
    • Түтін мұржасының жанында жанғыш заттарды сақтамаңыз.
    • Пешті қараусыз қалдырмаңыз.
    • Жылыту пештерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыз.

    ӨРТ ШЫҚҚАН ЖАҒДАЙДА

    • Дереу 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
    • Адамдарды қауіпті аймақтан шығарыңыз.

    Өрт қауіпсіздігі – әрбір тұрғынның жауапкершілігі!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысы Федоров ауданы Вишневый ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары