Қазақстан транспаренттілік мәселелері бойынша екінші екі жылдық баяндаманы ұсынған алғашқы үш елдің қатарына кірді

    1 / 2

    2026 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасы БҰҰ РКИК хатшылығына тоғызыншы ұлттық хабарламамен бірлесіп дайындалған транспаренттілік мәселелері бойынша екінші екі жылдық баяндама (BTR2) жіберді. Қазақстан Колумбия мен Түркиядан кейін осындай баяндама жасаған әлемдегі үшінші ел болды.

    Есептілікті уақтылы ұсыну Қазақстанның Париж келісіміне бейілділігін растайды. Ел алғашқы баяндаманы (BTR1) алғашқылардың қатарында — Бакуде COP29 барысында ұсынды.

    BTR2 ұлттық парниктік газдар кадастрының деректерін, шығарындыларды азайту және климаттың өзгеруіне бейімделу шараларын және Ұлттық Климаттық міндеттемелердің орындалу барысын көрсетеді.

    17 қарашада COP 31 шеңберінде Анталья қаласында Қазақстан транспаренттілік мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі Министрлік диалогына қатысты.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі" жаңалықтары