Қазақстанда өрт шарпыған орман алаңы 46%-ға азайды

    1 / 6

    2026 жылғы мемлекеттік орман қоры аумағындағы өрт қауіпті маусым қорытындыланды.

    Биыл 902 орман өрті тіркелді. Өрт санының өсуіне қарамастан, өрт шарпыған аумақ 27,5 мың гектардан 14,9 мың гектарға дейін қысқарды.

    2023–2026 жылдары орман шаруашылығы мекемелеріне 2 204 бірлік арнайы техника сатып алынды.

    Ормандарды авиациялық қорғау 12 облыста жүзеге асырылып, әуе кемелерінің жалпы ұшу уақыты 6 827 сағатты құрады.

    Орман өрттерінің алдын алу, материалдық-техникалық базаны нығайту, мамандарды даярлау және өртті ерте анықтау жүйелерін енгізу жұмыстары жалғасуда.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі" жаңалықтары