ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі тапсырмасына сәйкес, вице-министр Жомарт Әлиев Түркістан облысы бойынша экология департаментінің жұмысымен танысып, ұжыммен кездесу өткізді.
Кездесу барысында департамент қызметінің негізгі бағыттары, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және мемлекеттік қызметтегі ашықтықты қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындау барысында заңдылық, адалдық және жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа алуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және халықпен ашық әрі тиімді байланыс орнату мәселелеріне назар аударылды.
Кездесу барысында ұжымның ұсыныс-пікірлері тыңдалып, аталған бағыттар бойынша алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жөнінде пікір алмасты.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









