Жетісуда «Қыс-2026» оқу-жаттығуы өтті

    1 / 7

    Қыс мезгілінде қарлы боран, көктайғақ пен ауа райының күрт өзгеруі тұрғындар үшін де, төтенше жағдайлар қызметтері үшін де үлкен сынақ болуы мүмкін. Осындай жағдайларға дайындықты пысықтау мақсатында Жетісу облысында «Қыс-2026» облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.

    18–19 қараша күндері оқу-жаттығудың негізгі алаңы Кербұлақ ауданы болды. Мұнда азаматтық қорғау қызметтері қыс мезгілінде болуы мүмкін төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарын пысықтады.

    Оқу-жаттығу барысында қатысушыларға автомобиль жолдарында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, күрделі ауа райы жағдайында қалған азаматтарға көмек көрсету, оларды қауіпсіз жерге эвакуациялау және жылыту пункттеріне орналастыру міндеттері жүктелді.

    Сондай-ақ қызметтердің өзара үйлесімді әрекет етуіне, шешім қабылдау жеделдігіне және қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға күштер мен құралдардың дайындығына ерекше назар аударылды.

    Іс-шараға азаматтық қорғау қызметтерінен 65 жеке құрам қызметкері мен 35 техника бірлігі жұмылдырылды.

    Мұндай оқу-жаттығулар төтенше жағдайлар қызметтерінің дайындығын тексеріп қана қоймай, адам өміріне қауіп төнген сәтте аса маңызды болатын өзара іс-қимыл мен жедел әрекет ету дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.

    Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша қойылған мақсаттарға қол жеткізілді. Сонымен қатар қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға дайындықты арттыру мақсатында осындай оқу-жаттығулар облыстың барлық қалалары мен аудандарында өткізілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары