Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті өскелең ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастыруға бағытталған кадет сыныптарын ашу жұмыстарын жалғастыруда.
Атап айтқанда, Ақсу ауданы Жансүгіров кентіндегі Ж. Сыдықов атындағы орта мектепте 6-сыныптың 17 оқушысына арналған, сондай-ақ Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте 7-сыныптың 24 оқушысы білім алатын кадет сыныптары салтанатты түрде ашылды.
Бүгін Панфилов ауданының Жаркент қаласындағы Х. Хамраев атындағы орта мектепте де кадет сыныптарының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.
Салтанатты жиын барысында оқушыларға кадеттік куәліктер табысталып, жас кадеттер ант қабылдады. Сонымен қатар оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, салтанатты шараның көркін қыздырды.
Кадет сыныптарының ашылуы – жас ұрпақтың бойында тәртіп пен жауапкершілікті, батылдық пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









