Елімізде 1,8 млн бала спортпен айналысады

    Балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту – ҚР Туризм және спорт министрлігінің басым бағыттарының бірі. Бүгінде елімізде 1,8 млн бала спортпен тұрақты шұғылданады. Бұл – олардың жалпы санының 34,6%-ы. 2029 жылға қарай аталған көрсеткішті 45%-ға жеткізу жоспарланған. Мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында 228 мыңнан астам бала 7 мыңнан астам спорт секциясына қатысады. Осы мақсатқа 50 млрд теңге қарастырылған.

    «Жан басына шаққандағы қаржыландырудың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету, оны цифрлық форматқа көшіру 6 өңірде бірыңғай ваучердің пилоттық жобасы іске асырылды. Жобаның мерзімі 2027 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұзартылды. Сонымен қатар, оған келесі жылы тағы бес өңір қосылады. Тағы 400 мыңға жуық бала 526 балалар-жасөспірімдер және мамандандырылған спорт мектебінде жаттығады», – деді ҚР туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қостанай облысы Қостанай ауданы Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ" жаңалықтары