«Әуежай-Антитеррор-2026» жедел-тактикалық оқу-жаттығу туралы

    Осы жылдың 18 қарашасында Солтүстік Қазақстан облыстық терроризмге қарсы оперативтік штабы «Әуежай-Антитеррор-2026» жоспарлы жедел-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді.

    Оқу-жаттығу Петропавл қаласының Қызыл-Жар халықаралық әуежайында өтті. Іс-шараға облыстық штабтың күштері мен құралдары, оның ішінде 19 жедел топтың жеке құрамы тартылды.

    Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты әуе инфрақұрылымы объектісінде терроризм актісінің салдарын жою және барынша азайту жөніндегі тиімді шараларды, оның ішінде мемлекеттік органдардың далалық жағдайларда өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруды жүзеге асыру болды.

    Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша қатысушылардың лаңкестік сипаттағы қауіптерге жедел әрекет ету бойынша дайындығының жоғары деңгейі көрсетілді.

    Солтүстік Қазақстан облыстық терроризмге қарсы жедел штабы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы" жаңалықтары