Түркістан облысы Келес ауданының жаттықтырушыларына терроризмге қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында жиналыстар ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жаттықтырушылар мен спорт саласының қызметкерлері, сондай-ақ жасөспірімдер арасында экстремизм мен терроризмге қарсы иммунитет қалыптастыру, террористік идеологиялар мен экстремистік әрекеттердің қауіптері, терроризмнің салдары мен оның алдын алу жолдары туралы ақпарат беру және сол арқылы экстремизм мен терроризмнің алдын алу болып табылады.
Кездесу барысында қазіргі уақыттағы экстремистік және террористікидеологиялардың таралу ерекшеліктері, интернет пен әлеуметтік желілер арқылы жасалатын манипуляциялық тәсілдер, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті сақтау талаптары туралы сөз қозғалды.
Қызметкерлерге күмәнді материалдарды ажырату, жалған экстремистік және террористік сипаттағы контенттің негізгі белгілері туралы түсіндірілді.
Кездесу аясында арнайы шақырылған спикерлер: «Бүгінде экстремистік және террористік топтар дінді өз мақсаттарына пайдаланып, адамдардың сеніміне кіру арқылы теріс көзқарастарды таратуға тырысады.
Мұндай жағдайда ең басты қорғанымыз – білім, дұрыс діни түсінік және сыни көзқарас.
Сондықтан қоғам арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізіп, профилактикалық кездесу шараларын көбейту қажет», - деп тілге тиек етті.
Сонымен бірге, жиын соңында қатысушыларды ақпараттық кеңістіктегі кез-келген күдікті контенттерден сақ болып, тек расталған көздерден ақпарат алуға шақырды.
Кездесу қорытындысымен қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, мардымды жауаптар берілді.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









