№22, №49 және №66 жалпы білім беретін мектептерде оқушылармен «Экстремистік контенттің жасөспірімдер психологиясына әсері» мен «Радикалдық діни ағымдардың қауіптілігі және ұлттық құндылықтар» тақырыптарында ақпараттық-түсіндіру кездесулері өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – экстремизм мен терроризмнің алдын алу, кәмелетке толмағандардың радикалды діни ағымдарға тартылуына жол бермеу, құқықтық және діни сауаттылықты арттыру, сондай-ақ патриотизм мен ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыру бағытында профилактикалық жұмыс жүргізу.
Кездесу барысында зайырлы мемлекеттің қағидаттары, экстремистік және террористік материалдарды интернет кеңістігінде тарату қаупі түсіндірілді.
Әсіресе, сыни ойлау қабілетін дамытуға, діни ақпараттың анықтығын тексеруге және заңнама талаптарын сақтауға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, оқушыларға білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп ережелерін сақтау, мектеп формасын міндетті түрде кию және оқу процесінің қалыпты өтуіне кедергі келтірмеу қажеттігі ескертілді.
Іс-шаралардың қорытындысы бойынша профилактикалық сұхбаттар өткізіліп, оқушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.
Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда.
Материал Шымкент қ. ТҚК ақпараты негізінде дайындалды
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








