А.ж. 13 қарашасында Астанадағы Қазақ ұлттық спорт университетінің жағдайында терроризмге қарсы Елордалық жедел штабымен терроризмге қарсы оқу-жаттығулары өткізілді.
Оқу-жаттығу барысында адамдардың жаппай жиналатын нысандардағы жағдай дамуының әртүрлі сценарийлеріне жедел әрекет ету мәселелері пысықталды.
Оқу-жаттығудың жоспарланған мақсаттары:
-террористік көріністерге шұғыл әрекет ету бойынша оқу іс-шарасын іс жүзінде әзірлеу;
-келіссөздер жүргізу дағдыларын жетілдіру;
-зардап шеккендерді іздеу және эвакуациялау;
-қақтығысты шешу мүмкіндігі болмаған жағдайда күштік фазасын жүзеге асыру.
Жаттығулардың қорытындысы бойынша террористік көріністердің әртүрлі түрлеріне жауап беруге ЕЖШ күш пен құралдарының дайындық деңгейін одан әрі арттыру, сондай-ақ терроризмге қарсы қорғаныс деңгейін нығайту шаралары айқындалды.
Астаналық терроризмге қарсы жедел штабы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









